6М011300 – Биология, 6М060700 – Биология, 5В060800 – Экология мамандықтары бойынша ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық.

Оқытушылардың кету ұтқырлығы

Белгілі бір білім саласында жетекші маман болып табылатын оқытушылар өздері дайындаған оқу-әдістемелік құралдарын қолдана отырып өз қаласының, басқа аймақтардағы немесе шет елдегі университеттеріне ауиториялық немесе аудиториядан тыс сабақтар өткізу үшін басқа университеттерге барады.

Биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Кажмуратова Ж.С 2014 жылдың 24 ақпан – 1 наурыз аралығында Қалмақ мемлекеттік университетінде «Педагогикалық білім беру және биология» факультеті, «Биология» мамандығының 3-4 курс студенттеріне «Батыс Қазақстан облысы шегіндегі шөлейт зонассындағы жайылма ормандардың қазіргі жағдайы» тақырыбында көлемі 24 сағат дәріс оқыды.

ды.

 Оқытушылардың келу ұтқырлығы

Шет мемлекеттердің жетекші мамандарының басшылығымен далалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда оқытушылармен магистранттардың және студенттердің бірлесіп жұмыс жасауы академиялық ұтқырлық шеңберінде қарастырылады.

«ҚР мен РФ шекаралас аудандарының қазіргі заманғы далалық зерттеуі және П.С. Палластың мәліметтері бойынша табиғат халық – шаруашылықты зерттеу» тақырыбындағы 4 жақты консорциумы- келісм шарт аясында 2 халықаралық ғылыми экспециялар ұйымдастырылды. Экспецияға биология кафедрасының магистранттары Пилин Д., Куницин В., Габдулов Б., Сарсенова Ә., Салимгереева Ә. қатысты, алынған мәліметтерді магистрлік диссертация жазу барысында пайдаланылды.

2014 жылдың 8 қаңтар күні М.В. Ломоносов атындағы МГУ Геоботаника кафедрасының профессоры б.ғ.д. В.Г.Онипченко кафедраның студенттері мен магистранттары үшін қазіргі заманғы «Фитоценология және оны ұйымдастырудың қызметтік көрінісі» тақырыбында мастер-класс өткізді.