Ағымдағы жылдың 03 сәуір күні М.Өтемісов ат. БҚМУ жаратылыстану-географиялық факультетінің география кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Менің өмірімдегі география» атты 9 облыстық мектеп оқушыларының ғылыми зерттеу жобаларының сайысы өтті. Сайысқа облыс аудандарының және Орал қаласының мектеп оқушылары қатысты. Сайыстың қорытындылары келесі:

Қазақ тобы:

1 –орын: Орал қаласы № 34 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Самигуллаева Аяулым

2-орын: Бөрлі ауданы Тихонов мектеп-балабақша кешенінің 7-сынып оқушысы Жоламан Азиза

2-орын: Горячкин негізгі мектеп оқушысы 7-сынып оқушысы Қажет Бексұлтан

3-орын: Бөрлі ауданы, Қарасу мектеп- балабақша кешенінің 6 сынып оқушысы Маулетова Айнұр

Орыс тобы:

1 –орын: Орал қаласы № 20 ЖОББМ оқушылары Жумабаев Алишер, Проказов Николай

2-орын: Орал қаласы № 7 ЖОББМ оқушылары Абильханова Альбина, Победимова Елизавета

3-орын: Орал қаласы № 24 ЖОББМ оқушылары Никонова Александра, Швакова Вера.