Биология және экология кафедрасы бойынша 2017-2018 оқу жылында бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы туралы есебі

2017-2018 оқу жылында «Биология және экология» кафедрасында педагогикалық «5В011300 Биология» және педагогикалық емес «5В060800 Экология» мамандықтары бойынша жалпы саны – 120 түлек бітірген.

Педагогикалық мамандықтар

5В011300 Биология мамандығы бойынша 01403 топ - 22 студент, 01404 топ - 24 студент, 01405 топ - 23 студент, 01406 топ - 26 студент, 01407 топ (көптілді) - 11 студент және 01408 топ (орыс) - 3 студент, барлығы - 109 түлек бітірді.

Жұмысқа орналасқаны - 61 студент, жұмысқа орналаспағаны - 19 студент.Магистратурада оқитын – 21 студент. Бала күтіміне байланысты - 8 студент. Оның ішінде жұмысқа орналасқаны – 56,3%, жұмысқа орналаспағаны – 17,4%. Магистратурада оқитын – 19,3%. Бала күтіміне байланысты - 7%.

«5В011300 Биология» мамандығы бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.

Кесте 1 – «5В011300 Биология» мамандығының топтар бойынша 2018 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

Топ

Оқу тілі

Топ саны

Жұмысқа орналасқаны, студент

Жұмысқа орналаспағаны, студент

Магистратурада оқитын студент

Бала күтіміне байланысты, студент

1403

қазақ

22

10

2

7

3

1404

қазақ

24

18

2

3

1

1405

қазақ

23

16

3

3

1

1406

қазақ

26

12

8

4

2

1407

көпт.

11

4

3

4

-

1408

орыс

3

1

1

-

1

 

Бар-ғы.

109

61

19

21

8

Педагогикалық емес мамандықтар

5В060800 Экология мамандығы 01409 топ - 7 студент, 01410 топ - 4 студент, барлығы - 11 түлек бітірді.

Жұмысқа орналасқаны - 3 студент, жұмысқа орналаспағаны - 5 студент. Магистратурада оқитын – 2 студент. Бала күтіміне байланысты - 1 студент. Оның ішінде жұмысқа орналасқаны – 27,5 %, жұмысқа орналаспағаны – 45,5%. Магистратурада оқитын –18% . Бала күтіміне байланысты -9%.

«5В060300 Экология» мамандығы бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері 2-кестеде келтірілген.

Кесте 2 – «5В060800 Экология» мамандығының топтар бойынша 2018 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

Топ

Оқу тілі

Топ саны

Жұмысқа орналасқаны, студент

Жұмысқа орналаспағаны, студент

Магистратурада оқитын студент

Бала күтіміне байланысты, студент

1409

қазақ

7

3

1

2

1

1410

орыс

4

-

4

-

-

 

Бар-ғы.

11

3

5

2

1

Мамандықтар бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 1-суретте көрсетілген.

 

Сурет – 1. «5В011300 Биология» және «5В060800 Экология» мамандықтары бойынша 2018 ж. түлектердің жұмысқа орналсқан, орналаспаған туралы мәліметтер (%-қ көрсеткішпен).

Биология мамандығы қазақ бөлімі бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіштері 56 пайызды құраса, ал орыс бөлімінде 33 пайыз болды.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде 10 студент оқыған, олардың 4-уі – жұмысқа орналасқан, 3-уі магистрант, ал 3-уі жұмыссыз.