04.02-22.02.2017 г. аралығында «Химия» кластерінде 5 мамандық бойынша: 5В011200-Химия (білім беру), 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В060600-Химия (ғылыми), 6М011200-Химия (магистратура), SES жобасы бойынша Мюнстер институтының жоғары дәрежелі эксперт доктор pHD, профессор Ханс-Дитер Барке шақырылды. (Германия).

Жоғары эксперттер службасы (SES) – Германия экономикасының фонды, ірі мекеме.

Бұл жобаның мақсаты – химия кафедрасының оқытушыларына дәріс және практикалық сабақтарына әдістемелік және дидактикалық көмек көрсету.

Доктор Ханс-Дитер Барке факультеттің және кафедраның оқытушыларының д.х.н., профессор Д.К. Мендалиеваның «Мектептерде сабақ беру әдістемесі» (дәріс), аға оқытушы Г.Б. Есееваның «Химия тарихы» (дәріс), оқытушы А.Ж. Исполованың «Кәсіби бағытталған шет тілі», «Аналитикалық химия», «Rules of writing equations of chemical reactions, Tiрes of chemical reactions» (дәріс), «Titration and titrimetric methods» зертханалық сабақтарына қатысты. Сонымен қатар, Доктор Ханс Назарбаев-интеллектуалды мектебіне барды және «Көптілділіктің негізгі мәселелері» атты дөңгелек үстелге, және химия сабақтарына қатысты.

Химия кафедрасында болған кезде, доктор Ханс-Дитер Барке келесідей мамандықтарға: 5В011200-Химия, 5В072100-ХТОВ, 5В072000-ХТНВ, 5В060600-Химия, 6М011200-Химия бірнеше мастер – класстар өткізді.