М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Бекітемін

Жаратылыстану-география

факультетінің деканы

___________ А.Б.Ниязбекова

«___» __________ 2014 ж.

 

Жаратылыстану – география факультеті

География кафедрасы

Геологиядан далалық сараманның бағдарламасы

«5В060900–География» мамандығы

 
 
 

Орал 2014 ж.

Геологиядан далалық сараманның бағдарламасы құрастырған география кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты З.Я.Сахарнова

Геологиядан далалық сараманның бағдарламасы Батыс Қазақстан облысы балалар және жасөспірімдер туризмі мен экология орталығы директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты В.П.Фоминмен келісілген.

Геологиядан далалық сараманның бағдарламасы География кафедрасының 2013 жылдың 6 қыркүйек - № 1 мәжілісінде талқыланды.

Бағдарлама сараман жетекшілерімен «5В011600–География» мамандығының студенттеріне ұсынылады.

Геология бойынша далалық практика

Түсініктемелік хаттама

Геология- Жерді зерттейтін ең негізгі ғылымдардың бірі, студенттерге жердің құрылысы мен құрамы, литосфераның қалыптасу заңдылықтары мен жер қыртысының рельфін, пайдалы қазбалардың қалыптасу жағдайлары мен таралу заңдылықтарын, планетамыздың органикалық дүниесінің тарихи даму кезеңдерін игеруге мүмкіндік береді.

Геологияны игеру- географиялық маманданған студенттердің біліміндегі ең негізгі ғылыми компонет. Геологиялық білім география пәнінің мұғаліміне жоғары деңгейде оқушыларға физикалық географияны және экономикалық географияны, Қазақстан мен шет елдердің минералды-шикізат ресурстары мен тау игеру өндірісін үйретуге мүмкіндік береді.

Далалық геологиялық практика география пәнінің мұғалімін дайындауда ең негізгі рөл атқарады. Геологиялық табиғи объектілерімен қарым - қатынас, минералдар мен тау жыныстарды игеру, әр түрлі геологиялық табиғи процестермен танысу.

Геологиялық практика Батыс Қазақстан облысының аумағында 3 күн (15 сағат) бірінші курс студенттерімен өткізіледі.

Геологиялық практиканың мақсаты – геология бойынша теориялық білімді қалыптастырады.

Тапсырмалар:

- ауданның геологиялық құрылысын танысу мен игеру: шөгінді тау жыныстар мен органикалық дүниенің ежелгі түрлерін стратиграфия мен литология арқылы, территорияның тектоникалық құрлымы;

- геологиялық процесстермен танысу: өзендер, сайлардың қалыптасу процесстері;

- аймақтың минералдары мен пайдалы қазбаларын игеру;

- литосфераға антропогендік факторлардың әсерін игеру;

- геологиялық табиғи ескерткіштерге, табиғи объектерді қорғауға экологиялық тұрғыдан тәрбие береді.

Білім және тәжірбие: студенттің міндеті: құрал- жабдықтармен жұмыс істей білу; оқушыларға геологиялық экскурсиялар ұйымдастыру, далалық зерттеу жұмыстарын өткізе білу; ауданның геологиялық құрылысын зертеудің негізін білу.

 

Практиканың маршуттық үлгісі

Маршрут 1. Алебастровый тауы аумағы. Бұл маршрутта танысуға болады: Жайық өзені аңғарының құрлысы мен ерекшеліктерін; юралық тау жыныстардың құрамымен, бор жасымен; төрттік тау кезенің жыныстарымен; пайдалы қазбалармен палиобиологиялық заттармен.

Маршут 2. Меловые таулы аумағы. Орал қаласының оңтүстік бөлігінде орналасып үлкен борлы жыныстардан тұрады, осында игеру мен өндіру жұмыстары өткізіледі. Мұнда аумақтың жалпы сипаты жоспар бойынша жасалады, тау жыныстарының үлгілері алынып, геологиялық прфиль құрастырылады.

Маршрут 3. Жайық өзенінің солтүстік жағалау аумағы. Геологилық процесстерді игерудегі қызықты жаңа әдіс болып саналады: 1. Барбастау өзенінің геологиясы. 2. Атмосфералық жауындардың геологиясы, уақытша су ағындары, сай қалыптасу, сай пішіні, сайдың даму деңгейі, делюви, пролюви.

Есептің жоспарлық үлгісі

Кіріспе. Практикалық тапсырмалардың мақсатын ашу, зерттеулер жүргізілген аумақты көрсету бригадының құрамын ауйту, әрбір адамның атқарылатын өз жұмысын көрсету.

1. Аумақтын геологиялық құрлысының қысқаша сипаты, рельф пен гидрографияның сипаты:

2. Зеттелетін аумақтың геологилық құрлымы. Палеозой, мезазой мен төрттік таулы жыныстардың стратиграфиялық және леталогилық сипаттамасынан тұрарады, аумақтын тектоникалық құрамы сипатталады.

3. Геологияның экзогендік процесстері: өзен, жер асты сулары. Өзен аңғарларының, бұлақтарының жалпы сипаттамасы.

4. Аумақтың тарихи геологиялық құрамы. Стртиграфиялық кесінділердің анализі бойынша палеографияның геологиялық өткені анықталады.

5. Пайдалы қазбалар. Минералдық шикізаттардың өндіретін және өндейтін көздері.

Қортынды. Практикалық жұмысты қортындылау.

Әдебиеттер

Оқу-Методикаалық қамтамасыздандыру

Әдебиеттер

Н. Сейітов «Геология негіздері» Алматы 2007 жылы

 

Құралдар мен жабдықтар

Әр топ осы құрылғылармен қамтамасыздануы тиіс: сумке, геологиялық шөгінді жыныстарға арналған қапшық, геологиялық компос, пышақ, күрек, метрлік жіп орамы (10 – 20 м) қаптама қағазы, далалык күнделік, түсті және жәй қарындаштар, үлкейткіш әйнек (7-10 есе), қышқыл (1:10)