М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Бекітемін

Жаратылыстану-география

факультетінің деканы

__________ Г.Н.Сулейменова

«__» __________ 2017 ж.

 

Жаратылыстану – география факультеті

География кафедрасы

Педагогикалық сараманның бағдарламасы

«5В060900–География» мамандығы

 
 

Орал 2017 ж.

5В060900-География» мамандықтары студенттеріне педагогикалық сараманға арналған бағдарлама

Педагогикалық сараманның мақсаты және міндеті

Педагогикалық сараманның мақсаты және міндеті болып табылады, мектептерде өсіп келе жатқан жас өспірімдерді тәрбиелеу, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу болып саналады. Олар сұранысқа сәйкес әдістемелік және педагогикалық ғылымдардың кешенді маманданған–педагогикалық университеттердің түлектерінің педагогикалық білімі, ептілігі негізінде құрастырылған.

Педагогикалық сараманның басты мақсаты- студенттерді география пәні мұғалімдерінің негізгі қызметтерімен, міндеттерімен қаруландыру және маманданған мұғалім ретінде қалыптастыру.

Студент педегогикалық сараман кезеңінде білуі қажет:

- жұмыстың жеке жоспарын-графигін құрастыру, сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау- білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.

- оқыту әдістері және оқыту құралдарын дайындау, негізгі мақсаты және оқу материалының мазмұны, сыныптың психолгиялық-педагогикалық ерекшеліктері;

- оқушылардың оқу материалын игеру барысында кездесетін қиындықтардың алдын алу;

- оқушылардың танымдық қабылетін дамытуды жоспарлау және оларды ұйымдастыру жолдары;

- түрін және құрылымын анықтау;

- сабақтың жоспарын және тақырыбын құрастыру;

- географиядан үйірме жұмысы, факультатив сабақтар, әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі мен мазмұнынын жоспарлау;

- тәрбие жұмысы өткізу әдістемесі және мазмұны мен ұйымдастыру формаларын жоспарлау;

Студенттер педагогикалық сараман барысында мобилизациялық қызметті игерген болу керек;

- оқушылардың белсенділігін және танымдық қабылетін дамыту, оқу материалдарын ұғынуға, есте сақтауға, көңілін аударуын қамтамасыз ету қажет;

- алынған білімнің маңыздылығына (өзектілігіне) жету, жаңа тірек базаларын қалыптастыру. Педагогикалық сараманда ұйымдастыру қабылетін міндетті түрде меңгеру қажет;

- сабақтың логикалық бөлімдері және өзара құрылымдық уақыттарын рациональды түрде бөлу;

- оқушылардың жұмыстарына жетекшілік жасау, сабақтың барлық бөлімдерінде оқу процесін басқару;

- экскурсия кезінде, факультатив сабақтарында, сыныптан тыс жұмыстрда оқушыларға жетекшілік жасау;

Педагогикалық сараман барысында студенттерде қатынас жасау қызметтері қалыптасады.

- оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп ұжымымен іскери қарым-қатынас орнатады;

- оқушыларға көңіл бөлу, қатаңдық, іскери қарым-қатынас, педагогикалық такт қалыптасады;

Ақпараттық қызметтерді игеру қалыптасады.

- оқушыларда географиядан білім қалыптастыру;

- білім берудің индуктивтік және дедуктивтік жолдарын қолданып, география курсынан өткен тақырыптармен салыстыра және пән аралық байланысты қолдана отырып, оқу ақпараттарын қатаң түрде логикалық түрде жеткізу;

- білім тексеру формаларында әртүрлі әдістерді қолдану;

- оқушылардың жауабын обьективті түрде бағалау және бағалау мәнісін түсіндіріп өту;

- үй тапсырмасын орындалу барысын түсіндіру;

Педагогикалық сараман барысында студент келесі тәрбие беру қызметтерін меңгеру қажет, орындау үшін келесі іскерлік (ептілік) қасиеттері болуы керек;

- тәрбиеленушілерге география оқытуды жүзеге асыру.

Педагогикалық сараман барысында студент зерттеу қызметтерін игереді:

- қазіргі заманғы педагогикалық ғылымдардың талабына сәйкес, жалпы дидактикалық және психологиялық аспектілерді сабақты әдістемелік тұрғыда талдау және география мұғалімінің жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып,

- өзіне талдау жасау, жолдастарының жұмыс тәжірибесін теориялық тұрғыда ұғыну, әсіресе сабақты талдау барысында;

- педсараманның есебін құрастыру барысында, өзіне талдау және жолдастарының сабақтарына талдау қорытынды жасау барысында, жоспарлау және келесі сабақтарды өткізу қорытындылары қолданылады;

- педсараман кезеңінде ғылыми-әдістемелік мақсаттардың орындалуына қажетті, педагогикалық қызметтің мәліметтерін жинау, жүйелеу, қорыту.

Педсараманның аса маңызды мақсаттарының бірі- география мұғалімін жеке тұла ретінде қалыптастыру, соның ішінде:

- өсіп келе жатқан жасөспірімдерді тәрбиелеу және географияны оқуға деген қызығушылығын арттыру;

- табиғатты қорғау және өлкетану жұмыстарын жүргізе білу;

- мектептерде жұмыс жасау үшін қажетті, білім және ептілікті дамытудағы тұрақтылықты қалыптастыру;

- мектептерде жұмыс жасау үшін идеялық және психологиялық тұрғыда дайын болу.

Педагогикалық сараманның мазмұны

Педагогикалық сараманның мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша анықталады. Оны өткізу жөніндегі негізгі талаптары педагогикалық сараманның бағдарламасында берілген. Ұйымдастырудың жалпы талаптары және географиядан педсараманның мазмұны нұсқаулық хатта (МП) берілген.

Географиядан педагогикалық сараман бағдарламасы студенттің мектептептегі қызмет ету жоспарын ашады.

Студент-машықкердің мектептегі жұмысы келесі бағытта жүргізіледі:

1. Мектеппен, сыныппен, жекелеген оқушылармен танысу.

2. Географиядан оқу жұмысымен.

3. Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды.

4. Тәрбие жұмыстары (сынып жетекшісінің жұмысы)

Педагогикалық сараман барысында машықкер студенттің барлық қызметінің негізгісі болып, оқу жұмысы болып саналады.(географиядан сабақ беру) Студент мұғалімнің барлық қызметтерін: дамытушылық, ақпараттылық, жан-жақтылық, ұйымдастыруышылық және қарым-қатынас жасай білу.

Педагогикалық процес барысында мұғалім мен оқушы арасында өзара байланыс орнайды. Мұғалім оқушылардың барлық ынтасын білім алуға жұмылдырады. Оқушылармен топтық, жеке және фронтальды жұмыстану тиімді болып саналады, сабақтың құрылымы және логикалық бөлімдері сағат бойынша бөлінеді, сабақтың барысына түзету жүргізіліп, оның өтілу шапшаңдығын (қарқындылығын)реттеу отыру.

Оқу процесін басқару барысында жетістік, мұғалім сыныппен немесе жеке оқушымен өзара байланысты дұрыс орнатуына байланысты. Студенттің осы үш қызметті меңгеруі барысында, оқушылардың сабаққа әзірлігі өз деңгейінде болады, географиядан білім беруде мұғалім-машықкер де мақсатына жетеді.

Студенттің сабақ беру барысында, осы аталған қызметтердің біреуінің болмауы, оқу процесінің дұрыс өтпеуіне, өз мақсатына жетпеуіне әсерін тигізеді.

Сонымен студент сараман барысында географиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, қоғамдық-саяси және т.б іскерлік қабілеттерді меңгеру қажет. Сараман жетекшілері студенттерді өздерінің барлық әрекеттеріне талдауға, ғылыми география, психология, педагогика, географияны оқыту әдістемесі бағыты бойынша қорытынды жасау. Педагогикалық сараман барысында студент тек өзінің әрекетіне талдау жасамайды және пән мұғалімдерінің, өзінің достарының өткізген сабақтарына, де талдау жасайды. Сонымен қатар студент зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын өткізеді.

Педагогикалық сараманның мазмұны

Педсараман мақсаты- студенттерді жауапкершілікке және мектепте оқу-тәрбие жұмысын, теориялық және әдістемелік жоғарғы деңгейде өзі жүргізе білуі. Әтижесінде студент білім қорын жаңартып, молайтып, іскерлік қабілетін дамытып,тәжірибе жинақтауы қажет.

Педсараман кезеңіндегі студент жұмысының мазмұны.Жалпы мектеппен, сыныппентанысу. Сабақ өткізуге және жетекшілік жасауға бөлінген сыныпты зерттеу. Сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен әңгімелесу, ой бөлісу. Жекелеген оқушымен және сынып белсенділерімен әңгімелесу. Пән мұғалімдерінің өткізген сабақтарына қатысу, құжаттарымен танысу.

Географияны оқыту тәжірибесімен танысу. Студент мектепте және сыныпқа бекітілген пән бойынша оқу-тәрбие жұмысына дайындық. Мұғалімнің жұмыс жоспарымен танысу, өткізген сабағына қатысу және талдау жасау, кабинет материалдарымен және оларды сақтау тәртібімен танысу.

Географиядан оқу-тәрбие жұмысы. Географияның пән мұғалімі мен әдіскердің көмегімен бірінші сабақтың конспектілеріне талдау жасау. Сабаққа қажетті маңызды көрнекіліктерді іріктеу, дайындау және дидактикалық материалдарды әзірлеу. Келесі сабақтың конспектісін және жоспарын өзі дайындау.

Экономикалық және физикалық географиядан сабақты идеялық-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу.

Педсараманда бірге болған студенттердің сабағына қатысу және талдау; талдау жасалынған қорытындыны өз сабағында қолдану.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстар. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың біреуін, әдістемелік нұсқаулығын студент өзі құрастырады және өткізеді. Егер мектепте географиядан факультатив сабақтар болса, оны да өткізуі керек.

Сынып жетекшісі жұмысы. Үшінші курс студенттерімен салыстырғанда, төртінші курс студенттері жоғары сынып оқушыларына тәрбие жұмысын өткізеді. Студент жетекшілік жұмысты барынша өзі орындайды.

Тәрбие жұмысын өткізу формалары әртүрлі: саяси ақпарат, теориялық конференция, жиналыс, әңгімелесу, кездесулер, спортжарыстары, жорықтар.

Ата-аналармен жұмыс.ата-аналармен жеке жұмыстану. Ата-аналармен болған сынып жиналыстарында саяси, ғылыми-географиялық, педагогикалық мәселелер жөнінде пікірлесу жүргізу.

Педагогикалық сараманды ұйымдастыру сипаттамасы (ұсынысы)

Педсараманның мақсаты және бағдарламаның орындалуы, ұйымдастырудың дәлдігіне байланысты. Сонымен қатар педсараманға жоғары деңгейде маманданған маманның жетекшілік етуі және студенттердің өздері сапалы, шығармашылықпен және қызығушылықпен жұмыстануы қажет. Осылардың барлығы студенттің толық география пәні мұғалімі болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Педагогикалық сараманды ұйымдастырудың үш кезеңі бар: дайындық кезеңі, мектептерден сараманнан өту кезеңі және қорытынды кезең. Осы кезеңдерге жеке-жеке тоқталып өтейік.

Дайындық кезеңі

Бұл кезеңде факультет жетекшілерінің ұйымдастыруы үлкен роль атқарады. Жұмыс екі бағытта жүргізіледі. Бірінші педсараман өтеетін мектептерді іріктеу және сараманға жетекші тағайындау. Екінші студенттерді педсараманға әзірлеу.

Қазіргі кезде география, биология және т.б ЖОО мамандықтарының өздерінің тұрақты базалық мектептері болады. Студенттер өздерінің педагогикалық сарамандарын осы мектептерде өтеді. Базалық мектептерде жоғары маманданған георафия пән мұғалімі сабақ береді. Сонымен қатар машықкер студенттерге маманданған-педагогикалық білім алуға және ептілік қасиетін қалыптастырушы жағдай жасалынған. География кабинеті жаңа көрнекіліктермен жабдықталған және география алаңы бар. Университет өзінің студенттерін мектеп әкімшілігінің және пән мұғалімдерімен тығыз байланыста бола отырып, солардың көмегімен басқарады. Әдіскер географтар, факультет және топтың сараман жетекшісі болып саналады. Мектептің педагогикалық ұжымымен әңгімелесу жүргізіледі. Бұл әңгімелесудің мақсаттары: біріншіден педсараман мақсатын анықтау, ұжымда жақсы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру, студенттермен жұмыстануға әзірлеу; екіншіден мұғалімдер мен сынып жетекшілерін жаңа заманғы психологиялық-педагогикалық және әдістемелік проблемалармен таныстыру. Яғни жоғары деңгейде маманданған, қазіргі талапқа сай мұғалімді дайындау барысында бар күшін салуды өтіну.

Екінші студенттерді педсараманға әзірлеу. Бекіту конференциясын өткізу. Бекіту конференциясы педагогикалық сараманға дайындық кезеңінің аяқталуы болып саналады. Негізгі мақсаты-студентерді әдістемелік проблемалармен, пән мұғалімінің жұмысымен таныстыру, тәрбие жұмысы жөнінде әңгімелесу және соңында есеп беру жұмыстары жайлы толық мәліметер беру. Бекіту конференциясы факультеттің сараман жетекшісінің сөз сөйлеуімен басталады. Оның мазмұны бойынша: студенттерге саранның мақсаты мен міндетін және жалпы бағдарламамен таныстыру. Университеттерде (педагогикалық институттарда) география пәнінен сараман мазмұны және ұйымдастырылуы жөнінде «нұсқаулық хаттар» беріледі.

- Педсараманды өткізу жоспарын хабарлау, студенттердің жұмысының көлемі мен мазмұны, оқу, сыныптан тыс, тәрбиелік ғылыми-әдістемелік, есеп беру жұмысының формасы, педсараман барысында студенттің негізгі міндеттері.

- Осы оқу жылындағы географияны оқыту ерекшеліктері жөнінде ақпараттар.

Бекіту конференциясы өткізілген кабинетке өткен жылдардағы студенттердің есеп беру жұмыстарының ең жақсылары көрмеге қойылады. Көрмеге жауап беретін оқытушы әдіскер пед сараман қорытындысы, сабаққа қолданылған дидакктикалық материалдарға және басқа да көрнекіліктерге түсініктеме беріп өтуі керек. Сонымен қатар география пәнінің мұғалімі немесе әдіскер педсараман барысында мектептерде оқытылатын географияға қатысы күрделі екі дәріс оқуы керек.

Мектептерде педагогикалық сараманды өткізу

Дұрыс ұйымдастыра білу педсараманның табысты, өз деңгейінде өтуіне жағдай жасайды. Студент мақсаты- педагогикалық сараман барысында ғана қалыптасатын білімді және іскер маман болып шығуына бар күшін яғни шығармашылық қабілетін салу керек.

Педсараманның алғашқы аптасындағы ұйымдастыру жұмысы. Педагогикалық сарамнаның алғашқы аптасын пассивный апта немесе танысу аптасы деп атайды. Осы аптада студент мектеппен, мектеп ұжымымен, сынып оқушыларымен, география кабинетімен, география пәні мұғалімімен және сынып жетекшімен танысады. Студентің педсараманның бірінші аптасындағы жұмысының мазмұны:

а) әңгімелесу барысында мектеппен танысу;

- мектеп әкімшілігімен;

б) сараманның бірінші күні бекітілген сыныппен танысу:

- әртүрлі пән мұғалімдерінің сабақ беру әдісімен танысу үшін сабақтарға қатысу және сынып оқушыларын зерттеу;

- сынып, жекелеген оқушымен және сынып белсенділерімен әңгімелесу, жұмыстану;

-сынып және жекелеген оқушылардың құжаттарымен танысу(сынып журналы, жеке іс қағазы, күнделік және т.б)

в) география пән мұғалімінің жұмыс жүйесімен танысу:

- география сабағына қатысу;

- пән мұғалімі берген сабақ бойынша мұғаліммен әңгімелесу;

- сабақтың тақырыбын жоспарлау және жекелеген жоспарлармен танысу;

- география кабинетімен танысу;

- география пән мұғалімінің сыныптан тыс жұмысының жоспарымен танысу;

г) сынып жетекшісінің жұмысымен танысу:

- сынып жетекшісінің жұмысын бақылау, оның оқушылармен өзара байланысы;

- сыныптан тыс сипатындағы тәрбие жұмысы шараларына қатысу;

-сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жоспарымен танысу.

Сонымен қатар әрбір студент педсараманның бірінші аптасында география пән мұғалімі, сынып жетекшісінің жұмысы негізінде бүкіл сараман кезеңінде өзінің жұмыс жоспарын құрастырады.

- тәрбие жұмысының жоспары

- сабақтың тақырыптық жоспары

- географиядан сыныптан тыс жұмыстың жоспары

- ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары

- жеке жұмыс жоспары

Осы аталған жоспардан басқа, әрбір студенттің күнделігі, өткізген сабағының жоспар конспектісі, сыныптан тыс шаралардың жоспары, сынып жетекшілерінің көмегімен жүргізілген тәрбие сағаттарының жоспары және өткізуге қажетті құжаттар.

Машықкер студенттің жұмыс күнделігі.

Студенттің педсараман кезеңіндегі күнделігі бұл – құжат, ал оның оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмысын көрсетеді, көрнекілік және ұйымдастыру жүйесі мен басқару қызметін көрсетеді. Күнделікте конструктивті материалдар және студентке ескерпелер беріледі, күнделік графаларға, айдарларға, бөлімдерге бөлінген. Онда бүкіл сараман барысында қатысқан сабақтары жөнінде материалдар жиналады. Күнделіктің бірінші бетінде мектептің адресі және номері жазылады. Сынып, мектеп директорының аты, жөні, тегі беріледі. Сыныптан тыс және мектеп ішілік жұмысьарды ұйымдастырудшы география пәні мұғалімінің аты, жөні, тегі беріледі. Екінші бетке география пәнінен сабақ кесте жазылады. Ал үшінші бетке география сабағы өтетеін кабинеттің схемасы беріледі. Бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші беттерде педсараман кезеңіне қолданылатын сабақ жоспары тұтас беріледі.

Бірінші аптаның жұмыс жоспарын студент жетекшімен бірге құрастырады. Ал келесі сабақтың жоспарын студентөзі құрастыру керек.

Күнделіктің қалған беттеріне күнделікті сабаққа қатысқан жазбаларын түсіреді. Студент бұл жазбаларды талдайды, қорытынды жасайды және өзінің болашақта ғылыми-әдістемелік жұмыстар психологиядан, педагогикадан, мектеп гигиенасынан, курстық, дипломдық еңбектерді орындауда және педагогикалық еңбек жолында қолданады. Сонымен қатар педагогикалық сараманның қорытындысын жазуда да қолданады.

Бұл жазбаларды әдіскер де қолданады, машықкерлерді бақылап отыруға қызмет етеді.

Педагогикалық сараманның келесі апталарындағы ұйымдастыру жұмыстары

Студент еңбегі. Сараманның қалған үшінші курста бес аптасы, ал тқртінші курста жеті аптасында студент мектеп қабырғасындаңы оқу-тәрбие жұмысына белгілі жоспармен белсенді қатысады:

- өзінің сыныбына сабақ береді;

- жолдастарының берген сабағына қатысады;

- пән мұғаліміне география кабинетін безендіруге көмектеседі;

- географиядан сыныптан тыс жұмыстар жүргізеді;

- сынып жетекшісінің көмекшісі қызметін атқарады;

- жжолдастары өткізген сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарының барлығына қатысады, талдау жасауына қатысады.

- сараман жетекшісі әзірлеген семинарлар мен жиналыстарға қатысады;

- сабақ конспектілерін және көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар дайындайды;

- жеке және топпен консультациялар алады;

- педсараманның басынан топ старостасы топ студенттерінің сараманға қатысуы, оқу-тәрбие жұмысын, шараларын өткізуі, әрбір студенттің тапсырмаларын орындауы қадағалап отырады, сонымен қатар машықкер студент сараман жетекшісінің берген тапсырмаларын өз уақытында орындауы қажет.

Сараман жетекшісінең студенттерді бағыттау және бақылау жұмыстары

Сараман жетекшісі студенттерді мектеп ұжымы таныстырп, мұғалімдердің жылы қарсы алуына күш салады. Мын жағдайларға жауап береді:

- негізгі мақсат студенттердің педагогикалық сараман барысында белсенді еңбек етуіне жағдай жасау;

- сыныптардың ерекшелпіктеріе қарай, студенттерді топтарға бөлу;

- суденттерге сараманның басынан бастап, бүкіл сараман барысында сабақ жоспарын құруға көмектеседі;

Сараман жетекшісі бүкіл сараман барысында студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарына араласады. Осының барысында студентте жауапкершілік артады. Педсараман барысында топ жетекшісі топ студенттеріне әртүрлі көзқараспен қарауы керек. Сондықтан әрбір студентпен жеке жұмыстануы қажет. Яғни

- сабақтың жоспар-конспектісін;

- -пән бойынша сабақтар мен сыныптан тыс шараларды талдау жасауға қатысу;

- Консультация өткізілгенде, және т.б;

Әрбір студентпен жеке жұмыстану педагогикалық мәселелерді шешуді қиындатып, оны, ысылуына яғни белсенділігін арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, жақсы маман болуына және өз бетімен жұмыстануға тәрбиелейді.

Өндірістік жиналыс. Оны мектеп әкімшәләгә немесе пед сараман жетекшісі ұйымдастырады. Оның негізгі мақсаты студенттерд. Мектептегі маңызды оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік мәселерді шешу барысында өткізіледі.

Ғылыми семинарлар. Топ жетекшісі ұйымдастырады.Оның негізгі мақсаты-шығармашылықпен шұғылданатын мұғалімді дайындау, теоиялық тұрғыда кең ойлану, өзінің педагогикалық еңбегін бағалау.семинарларда жұмыс жасау барысында студент әртүрлі оқу мәселелерін және проблемаларын шешуді үйренеді және жаттығады.

Педагогикалық сараманның қорытынды кезеңі

Қорытындылау педагогикалық сараманның маңызды бөлігі: 1)педсараман өткізілген мектептердегі топ студенттерінің жұмыс қорытындысын талдау, 2) университетте болатын қорытынды конференцияда, курстың педсараманнан өту барысын талдау.

Мектептегі қорытынды конференция. Сараман жетекшісі, мектеп әкімшілігі, география пән мұғалімі, сынып жетекшілері қатысады. Студенттер өздерінің жасаған еңбектеріне есеп береді, сараман барысындағы өздерінің кемшіліктері мен жетістіктерін айтып өтеді, мектеп мұғалімдері, сараман жетекшісі топқа және жекелеген студенттің еңбегіне бағалайды.

Факультетте болатын қорытынды конференция. Бұл конференцияда курс студенттеріне педсараман қорытындысы бойынша талдау жасалынады.

Қорытынды конференцияның маңызды мәселесі студенттердің ғылыми-әдістемелік мәселелер жөніндегі доклады орын алады.

Бекіту конференциясында әрбір студент жеке тапсырма алса, енді қорытынды конференцияда сол орындаған тапсырмаларға есеп береді.

Қорытынды конференцияда педагогика, психология, мектеп гигиенасы кафедрасының оқытушылары сөз сөйлейді, сонымен қатар география пәнінің әдіскері қорытынды доклад жасайды.

Педагогикалық сараманның есеп беру құжаттары

Студент есебі

Педсараман қорытындысы барысында студент келесі есеп беру жұмыстарын жасау керек.

1. оқу-тәрбие жұмыстарының есебі;

2. топ студентінің қатысқан бір сабағының анализі (талдауы);

3. география сабағының бір жоспар-конспектісі;

4. географиядан сыныптан тыс бір шараның әдістемелік нұсқаулығы (разработка-өңдеу);

5. сабақта қолданған өзі жасаған көрнекіліктер;

6. күнделік

Алғашқы екі документ сараман жетекшісіне, студенттің зерттеу қызметінің дайындық деңгейін анықтауына көмектеседі.

Педсараманның топ жетекшісінің есебі

Педсараманның топ жетекшісі топтың жасаған педсараман қорытындысы бойынша факультетке статистикалық есеп тапсырады және безендіреді.

Студенттер тапсырған өте жақсы есеп беру жұмыстары: конспекті, сабақты талдау, сыныптан тыс шаралардың өңделген түрі факультеттің география кабинетіне беріледі, оны педагогикалық сараманда оқу-әдістемеліңк материал ретінде қолданылады.

Өтілген сабақты қорытындылау және оны талдау

Өзінің және жолдастарының сабағын талдауды үйрену керек-бұл сараманның ең маңызды және қиын шараларының бірі. Студент университет қабырғасынан «Географияны оқыту әдістемесі» сабағында талдау жасай бастайды. Сабақты дұрыс талдай білу –географияны оқыту әдістемесінен білімділікті көрсетеді, бұл болашақта өткізетін сабағының өз деңнейінде өтуіне жағдай жасайды. Сабақты талдау барысында жоспарда бұрын ескерілмеген мәселелер байқалады, кемшіліктермен жұмыстанып, қатені түзеуге болады. Сабақты талдау барысында тек мұғалімнің қызметіне ғана бағаламау керек, сонымен қатар оқушылардың белсенділігіне және өзара байланысына да мән беру керек. Бұл талдаудың ең қиын бөлігі.

Өзінің сабағын талдай, бағалай және ойлана отырып студент өзіне мынадай сұрақтар беруі мүмкін: оқу процесі жеткілікті дәрежеде ұйымдастырылған ба? Картаны оқушылар дұрыс оқи біледі ма? Сабақ барысында оқушылардың ойлану қабілеті дамиды ма? Тәрбиесіне ықпалын тигізеді ма? Оқушылар география сабағына қызығады ма?

Талдау қорытындысы барысында, келесі сабақтарда қателік жібермеуге тырысып, кемшіліктермен жұмыстанады.

География сабағына дайындалғанда және өткізгенде машықкерлердің жіберетін қарапайым қателіктері

Педагогикалық сараманның сәтті өтуімен қатар, кейде сараман барысында қарапайым кемшіліктер мен қателіктер болады. Мұндай кемшіліктер заңды құбылыстар болып саналады. Педсараманның алғашқы апталарында студент жеткілікті деңгейда картамен жұмыстанбайды. Ктаптан алынатын мәтін мен карта бірге қатар жүрмеуі мүмкін.

Жаңа материалды игеру барысында оқушылардың білім деңгейі жоғары болғанмен, машықкердің оларға беретін сұрақтары оңай болуы мүмкін.

География сабағындағы қиындықар мен кемшіліктер тек машықкердің сабағында болмайды сонымен қатар география пән мұғалімінде де болуы мүмкін. Оқушылардың білімін және ептілігін бағалауда қиындықтар туындауы мүмкін.Оқушылардың жіберген қателіктерінің кейбіреуі байқалмай қалуы мүмкін және түзелмей де қалады. Оқушыладың картамен жұмыстануы нашар және қосымша сұрақтар оқушының білім деңгейіне сай болмауы мүмкін.(оңай болуы мүмкін). Дегенмен жоғарыда берілген қателіктерді еңбектенумен педсараман барысында түзетуге болады.

Студенттердің педсараман барысындағы зерттеу жұмыстары

Жалпы орта білім беретін мектептер жоғары маманданған және өзі шығармашылықпен айналысатын, сонымен қатар оқушыларды да шығармашылықпен шұғылдандыратын мұғалімдер қажет етеді.

Педагогикалық шығармашылық топ, география пән мұғалімінен жаңа заманғы бағдарламаны талап етеді. Бұл бағдарламаның материалдары ғылыми терең және жеткілікті деңгейде қиын. Сабақ барысында оқушыларға түсінікті, оқу процесінде жаңа тақырыпты шығармашылық тұрғыда қарастырып, оның мазмұнынын тек пән мұғалімі ғана ашады. Сонымен қатар мектеп географиясының барлық курсында көп мөлшерде практикалық сабақ, өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыстар беріледі.

Педагогикалық қызметте шығармашылық көзқарас –бұл өмірдің сұранысы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық белсенділік оқытушының өзіне қажет. Педагогикалық шығармашылық белсенділік оқушымен байланыс барысында қалыптасады. Шығармашылық және мамандыққа деген қабілет осы педсараман барысында қалыптасады.

Педсараман барысында студенттердің кешенді еңбегін ескере отырып, зерттеу жұмыстарын екі негізгі бағытқа бөліп қарастыруға болады: біріншісі оқу үрдісін (процесс) өткізу, бақылау және талдау; екіншісі ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Машықкерлерді мұғалім тәжірибесімен және географияны оқытудың материальдық базасымен таныстыру

География пәні мұғалімінің жұмыс тәжірибесінен анықталған педагогикалық жүйені көруге болады. Көп жылдар бойы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу барысында кез келген мұғалімде мол тәжірибе жинақталады. Осының барысында мұғалім жеке тұлғаға айналады (ойының жетілуі, педагогикалық шеберлік, балалармен қарым-қатынас және т.б)

Үнемі өзінің кәсіби іскерлік деңгейін көтеріп отыру, әрбір мұғалімнің міндеті болып саналады.

Студент-машықкерлермен мектеп әкімшілігінің әңгімелесу жоспары

- машықкерлердің мектеппен танысуы.

- Оқу-тәрбие жұмысының қысқаша анықтамасы: студент өзі сабақ беретін және сынып жетекші болатын сыныпқа мінездеме беру;

- Тәрбие жұмысының негізгі бағыты: тәрбиелеуге кешенді көзқарас, оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу, кәсіби бағдар,қоғамдық-пайдалы жұмыс.мектептің негізгі әдістемелік мәселелелері: педсовет жұмысы, мектептердегі бірлестіктер жұмысы, географияны оқыту әдістемесі мұғалімдерінің озық тәжірибесі, студенттерге аталған тәжірибелерді ұғындыра білу.

- Мектеп мұғалімдерінің ата-аналармен жұмыстануы: ата-аналар комитетінің қызметі

- Мектеп кітапхнасының ролі.

Студент машықкерлермен сынып жетекшісінің жұмыс жоспары

- Көп көңіл бөлу керек, сыныпқа және жеке оқушыға мінездеме.

- Студенттерді тәрбие жұмыс жоспарымен таныстыру.

- Студенттерге жеке жұмыс жоспарын құрастыруға көмектесу, педагогика кафедрасы осы жоспарды бекітуі керек.

- Студенттерге тәрбие мақсатында өткізілетін шараларды өткізуге көмектесу, талдау және бағалау.

Студент машықкерлермен география пән мұғалімінің жұмыс жоспары

- Тақырыптық жоспармен танысу

- Студенттерді география кабинетімен және ондағы көрнекіліктермен таныстыру.

- Студенттерге география кабинетін безендіру мақсатында көрнекіліктер, дидактикалық материалдар дайындауға тапсырма беру.

- Студенттерге берілген тақырып бойынша сабақ жоспарын түзуге көмектесу, сабақ жоспарын және конспектілерді тексеру.

- Студенттің берген сабағына қатысады және өткен сабақты талдауа қатысады.

- Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасауға көмектеседі.

- Сыныптан тыс шараларға қатысып, талдайды және бағалайды.

Педсараман кезеңінде студенттің оқу-тәрбие жұмысы есебінің схемасы (сызбасы)

1. Қандай сабақта (сынып, тақырып) сіздің теориялық дайындығыңыз жетіспеді деп ойлайсыз (географиялық, әдістемелік, педагогикалық)?

2. Қандай қиындықтар кездесті;

- Сабаққа материал іріктеу;

- Сабақтың мақсатын анықтау;

- Сабақ конспектісін жазу;

- Жекелеген әдістерді қолдану және оқу көрнекіліктерін;

- Өлкетану баытындағы жаңа материалдарды қолдану;

- Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру;

- Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу және аралас сабақты әртүрлі кезеңдерде оқушылар жұмысын ұйымдастыру.

- Географиядан сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруу.

- Ғылыми-әдістемелік мәселелер жөнінде курстық жұмысқа және дипломға доклад әзірлеу.

3. Географиядан оқу-тірбие жұмысын атқарудағы қиыншылықтар.

4. Педагогикалық сараманды өткізудегі, ұйымдастырудағы қиыншылықтар, ұсыныстар мен қорытындылар, география, психология, педагогикадан студенттерді факультетте дайындау.

Педсараман кезеңінде географиядан статистикалық есеп берудің схемасы

Алдыңғы төрт графаны топ старостасы машықкерлермен бірге толтырады, қалған онын педсараман жетекшісі толтырады.

Студент толтыратын графалар

1. Студенттің фамилия, аты-жөні.

2. Географиядан берген сабағынығ саны.

3. Студенттердің географиядан қатысқан сабақтар саны.

4. Дайындалған көрнекіліктердің атауы және саны.

5. Өткізілген сыныптан тыс шаралардың саны және сапасы.

6. Оқушылардың тәрбиесі жөнінде өткізілген әңгімелесудің саны және сапасы.

Сараман жетекшісінің топқа толтыратын графалары(сызық жол)

1. География сабағын бағалау

2. Географиядан сыныптан тыс шараларды бағалау.

3. Тәрбие жұмысты бағалау

4. Студенттердің есеп беру жұмыстарын бағалау.

5. Географиядан педсараман барысында топ студенттерін әрқайсы, жеке жалпы бағалау.

Топтың сараман жетекшісі әдіскер-географтың есеп беру жоспары

1. Студенттердің пед сараманға қатынасының ойы

2. Оқу жұмысына талдау. Қандай сыныптарда мектеп бағдарламасының қандай бөлімдерінде студенттер географиядан сабақ берді

3. Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды талдау. Студенттер өткізген негізгі шаралар,оның тиімділігі және тәрбиелік мәні

4. Қорытынды. Ұйымдастырушылық, ақпараттық, коммуникативтік, бағдар беруші, дамытушылық қызметтеріне дайындығы жайлы қорытынды.

Факультеттің сараман жетекшісінің жоспарының есебі:

Курстың сараман бойынша жалпы бағалау қорытындысы:

- мектеп ұжымының және топ жетекшілерінің студенттермен байланысы, таңдаған мамандығы бойынша студенттердің оқу-тәрбие жұмысына дайындығы

- жалпы педсараман қорытындысын өткен жылғы қорытындылармен салыстыру

Пед сараманның бекіту конференциясында:

- оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау. География мұғалімінің конструктивті қызметтері

- студенттердің оқу-жұмысын орындату. Өткізілген сабақтардың сапасын талдау

- Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын орындау

3. Студенттердің болашақта география пән мұғалімінің келесі қасиеттері болуы керек:

-ұйымдастырушылық, ақпараттық, коммуникативтік, бағыт беруші, зерттеушілік, дамытушылық қасиеттері болуы керек

4. Студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуын қадағалау

Географиядан педагогикалық сараман топ жетекшісінің студент машықкерге беретін мінездемесі (үлгісі)

1. Студенттің міндеті: белсенді, арлы, тәртіпті болу керек.

2. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың оқужәне тәрбие жұмыстарының сапасы. Пән бойынша білімі, оқу және тәрбие әдістерін меңгеру меңгеру, оқушылар ұжымын ұйымдастыра білу. Және оқушылардың танымдық белсенділігіне жетекшілік жасау.

3. География пән мұғалімінің жеке тұлға ретінде қалыптасу сапасы: ой-өрісінің дамуы, педагогикалық және географиялық эрудиция, балаларды жақсы көру, педагогикалық қызметке, яғни осы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

4. География пәнінің мұғалімі және тәрбиешісі бағытындағы, студенттің дайындығы жөніндегі қорытынды.