Бекітемін

Жаратылыстану-география

факультетінің деканы

__________Г.Н.Сулейменова

______ ___________ 2016 ж

География кафедрасының 2015-2016 оқу жылындағы кәсіби бағдар және кафедра филиалдарының жұмысының жылдық есебі

 

 

Орал 2016 ж

 

География кафедрасына қарасты филиалдар №1, №8, №20, №43 қалалық мектептер және №1 Бітік ЖОББМ (Первомай ауылы), №1ЖОББМ (Чапаев ауылы), Жәңгір хан атындағы ЖОББМ (Сайхын ауылы), Т.Масин ат. ЖОББМ (Жиекқұм ауылы), Приречен ЖОББМ (Приреченое ауылы), Социализм ЖОББМ (Мамбетсай ауылы), Абай ат.ЖОББМ (Абай ауылы) Кушум ЖОББМ (Кушум ауылы), Мичурин ЖОББМ (Мичурин ауылы), Щапов ЖОББМ (Щапов ауылы), Достық ЖОББМ (Достық ауылы) аудандық мектептердің базасы негізінде орналасқан. Осы бекітілген кафедраның филиалдарымен жұмыс жасауға жоспар құрылып, жауапты оқытушылар тағайындалды. Қала және аудан мектептеріне, көрші облыстар мектептеріне кәсіби - бағдар жұмыс жүргізу үшін оқытушылар тағайындап, тізімі мансап орталығына тапсырылды.

Кәсіптік бағдар жұмыстары университеттің бекіткен жоспарына сай жүргізілді.

1. БҚМУ – да 26.10-28.10.2015ж мектеп түлектеріне алдын –ала тестілу ұйымдастырылып география кафедрасынан А.К.Хайруллина мектеп түлектеріне сауалнама жүргізуге қатысып, университет және мамандық туралы мәліметтер беруге қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша география кафедрасына қатысты № 1 ЖББМ бір сыныпта 11 мектеп бітірушілер оқиды. Оның география пәнін 2 оқушы таңдаған. Олар Утемисова Назерке Утемисовна, Сундетов Нұр-Мухаммед. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсуге үміткер Сундетов Нұр-Мухаммед, ал Утемисова Назерке БҚМУ ды таңдау ойында бар.

№ 43 ЖББМ 2 сыныпта 32 мектеп бітірушілер оқиды. Оның сауалнамаға қатысып, оның география пәнін 1 оқушы таңдаған. Ол Сайлауов Асылан Смадиярұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсу ойында бар.

2. 04.12.2015ж география кафедрасының оқытушысы Б.Х.Ходжанова № 20 ЖББМ түлектерімен кездесіп сауалнама жүргізіп, университет мамандықтарымен таныстырды. № 20 ЖББМ 2 сыныпта 42 мектеп бітіруші түлектер оқиды. Оның сауалнамаға 29 –ы қатысты. Сауалнамаға қатысқан мектеп бітіруші түлектердің ішінде география пәнін 2 оқушы, Капустина Настя және Феклистова Дарья Сергеевна таңдаған. Бұл мектеп түлектері болашақта БҚМУ-ды таңдаған.

География кафедрасының оқытушылары Галимов М.А., Жармаганбетова Н.С. 26.11.-28.11.2015 ж аралығында Дарын мектеп-гимназиясында өткен мектеп оқушылары арасындағы облыстық ғылыми жобада әділ-қазылар құрамында болды. Оқушыларға кәсіптік бағдар жұмысын жүргізіп, университет және география мамандығы туралы мәліметтер берді. Жобаға қатысқан мектеп оқушыларына кафедра оқытушылары география мамандығы туралы үгіт-насихат жүргізіп, университет және география мамандығы туралы буклеттер таратты.

География кафедрасының кәсіби бақдар беру жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары мен география мамандыңығының жоғарғы курс студенттері де кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша қалалық және аудандық мектеп бітіруші түлектермен жұмыстар жүргізілуде.

08.01.2016 ж география мамандығының 3-курс студенті Джумагазиева Айдана қысқы каникул кезінде Ақжайық ауданы Бітік ОЖББМ 11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. География мамандығының 3-курс студенті Джумагазиева Айдана өзі осы Бітік ОЖББМ түлегі болғандықтан мектеп бітіруші түлектермен мамандық таңдау туралы және өзінің мамандығы туралы әңгіме-диалог ұйымдастырып, 11 сынып оқушыларымен пікір алмасты. Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектерге М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің мамандықтарымен таныстырып, география мамандығы бойынша толық мәліметтер мен мамандық бойынша буклеттер таратылып берілді.

20.01.2016 ж география кафедрасының оқытушысы А.К.Хаируллина №1 ЖББМ 11 сынып оқушыларымен кездесіп, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің мамандықтарымен таныстырды және география мамандығы бойынша толық мәліметтер беріп, мамандық бойынша буклеттер таратты. Оқушылармен кәсіби бағдар жүргізіп, олардың мамандық таңдаулары туралы сұрақ-жауап және кеңес беру жұмысы жүргізілді.

21.01.2016 ж география мамандығының 3-курс студенті Алтынбек Дастан қысқы каникул Мичурин ЖББМБ 11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Кәсіби бағдар беру барысында мектеп бітіруші түлектерге М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің мамандықтарымен таныстырып, география мамандығы бойынша толық мәліметтер мен мамандық бойынша буклеттер таратылып берілді.

08.02.2016ж география кафедрасының оқытушысы Н.С.Жармаганбетова №8 ЖББМ 11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Кәсіби бағдар беру барысында мектеп бітіруші түлектерге М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің мамандықтарымен таныстырып, география мамандығы бойынша толық мәліметтер мен мамандық бойынша буклеттер таратылып берілді.

2016 жылдың ақпан айының 19-жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде мектеп бітіруші түлектерге «Ашық есік» күні өтті. Оған Орал қаласында білім алатын жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары мен бірнеше колледж түлектері арнайы шақырылды. Мақсаты: Мектеп бітіруші түлектерге М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелкетттік университетімен, мамандықтарымен толық, жан-жақты таныстыру. Шақырылған мектеп бітіруші түлектер бағдарламаға сәйкес іс-шараның барлық түріне қатысып, барлық мамандық түрлерімен жақынырақ танысты.

«Ашық есік» күні университеттің өнерпаз студенттерінің дайындауындағы концерт ұсынылды, кейін оқушылар таңдау пәндері бойынша әр факультетке барып, өз мамандықтары туралы толық мәліметтер алды.

Шара түстен кейін, яғни 16-00 де әр факультетте өткізілген «Ашық есік» күнімен жалғасты. Онда әрбір факультетке қарасты кафедралар даярлайтын мамандықтары туралы таныстырылым жасап, факультет өмірінен сыр шертетін арнайы экскурссиялар ұйымдастырды

География кафедрасы «Ашық есік күні» шарасына қатысып, өз бағдарламасы негізінде мектеп түлектеріне география мамандықтарын таныстырып, кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

География кафедрасының «Ашық есік күніне» шара жоспары төмендегідей:

1. География кафедрасының аудиторияларына экскурссия

2. География кафедрасының тарихы туралы әңгімелесу

3. География кафедрасы туралы презентация

Шара жоспар негізінде мектеп түлектеріне география кафедрасының оқытушыларының В.И.Амельченконың, А.К.Хайруллинаның, Н.С.Жармаганбетованың, А.А.Тургумбаевтың қатысуымен өткізілді.

География кафедрасы туралы Сундетов Нұр-Мұхаммедтің

презентация мәліметті алу барысы

География кафедрасының буклеті Оқушылар дөңгелек үстел барысында

Мектеп оқушыларына алдымен Амельченко В.И. география кафедрасының аудиторияларына экскурссия жүргізді. Кейін Хайруллина А.К., Жармаганбетова Н.С. география кафедрасының тарихы туралы баяндама жасады, ал Тургумбаев А.А. география кафедрасы туралы презентация арқылы түсіндірмелі кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Мектеп бітіруші түлектерге сауалнама жүргізу барасында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің география мамандығын таңдағандарын көрсеткен.

География мамандығын таңдаған оқушылар тізімі:

1. Сундетов Нұр-Мұхаммед - №1ЖББОМ

2. Журмаганбетова Айгерім - №42 Ақниет-гимназия

3. Бисенова Мадина - №42 Ақниет-гимназия

4. Жанузаков Рахат - №36 ЖББОМ

5. Сайлауов Аслан - №43 ЖББОМ

Ашық есік күні аясында 250-ден астам мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттері университет мұражайын, оқу корпустарын аралап көріп, студенттердің ғылыми жұмыстарымен танысып, университеттің мүмкіндіктері мен оқу орнында даярланатын мамандықтар жайында толыққанды ақпарат алды.

«Ашық есік күні – бұл жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі шара. Аталмыш шара мектеп бітіруші оқушыларымыздың жоғары оқу орнымен танысуына, болашақ мамандығын таңдауда көп көмегін тигізеді деген ойдамыз.

18.03.2016 ж география кафедрасының оқытушысы Искалиев Д.Ж Кәсіптік бағдар беру жұмысымен Сырым ауданы ЖББ Алғабас ОМБК барды. Осы мектептің 11сынып оқушыларымен кездесіп География кафедрасының сайтымен, георгафия мамандығы туралы презентациямен мектеп түлектері толықтай танып білді. Сонымен қатар мектеп түлектерін кафедраның оқу үрдісі туралы мәліметтермен, география мамандығына құжаттар тапсыру ерекшеліктерімен таныстырды. Кафедра оқытушыларының география мамандығын ашып,толық құрамды талапкерлер жинауға жұмыстары жүргізілуде.

25-31 наурыз аралығында оқушылардың көктемгі демалыс кезінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсуге ниет білдірген ауылдық мектеп бітірушілеріне арнап ҰБТ тапсыруға дайындық курсы ұйымдастырылды. Осы дайындық курсына география кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы география пәні бойынша қазақ, орыс тілдерінде дайындық сабақтарын өткізді. Ауылдық мектеп бітірушілеріне ҰБТ тапсыруға ақысыз дайындық курсында география кафедрасы бойынша келесі оқытушылар сабақ өткізді.

 

1. Амельченко В.И.

2. Галимов М.А.

3. Абдушева Г.Ж.

4. Ходжанова Б.Х.

5. Айманова Е.Е.

6. Жармаганбетова Н.С.

7. Жумагалиева Б.Б.

8. Искалиев Д.Ж.

9. Тургумбаев А.А.

10. Хаируллина А.К.

11. Шкуринский Б.В.

 

25 наурыз күні 17-00 ден – 17-50 аралығында қазақ тобына Жармаганбетова Н.С., ал орыс тобына Айманова Е.Е. дайындық курсына қатысушыларға география пәні бойынша «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсы бойынша тақырыптық талдау жұмыстары мен тапсырмалар беру негізінде оқушыларға дайындық сабағын жүргізді. Сабақ барысында саяси карталардың қазіргі кездегі өзгерісі, оған қарасты елдердің типологиясы, басқару формалары сияқты тақырыптар оқушылармен талқылынып, сабақ тест тапсырмаларын шешу арқылы қорытыланды. Дайындық курсына қатысқан оқушылар география пәні бойынша қызықты мәлімет алып, өз ойлырын, таңдау мамандықтары туралы мәліметтер алды. Дайындық курсындағы география пәні бойынша жүргізілген сабақ уақытында аяқталды. Н.С. Жармаганбетова мен Айманова Е.Е. қатысушы оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы толық жүргізілді.

26 наурыз күні 12-00 ден 13-50 аралығында қазақ тобына Хайруллина А.К., ал орыс тобына Галимов М.А. дайындық курсына қатысушыларға география пәні бойынша «ТМД физикалық географиясы» курсы бойынша оқушыларға дайындық сабағын жүргізді. Сабақ барысында ТМД-ның физикалық географиясына толықтай тоқталып, тақырып географиялық атласты пайдалану арқылы жүргізілді. Тақырыпты түсіндіру оқушылардың ой пікірлерін, білімдерін еске түсіру арқылы өткізілді. Сабақтың тақырыбы оқушылар үшін географиялық білімдерін толықтыру үшін маңызды тақырыптардың қатарында болды және қатысушы оқушылардың географияға деген қызығушылықтары арта түскендігін, білімдерін тағы бір толықтырғандарын айтып өз ойларын білдірді.

28 наурыз күні 17-00 ден – 17-50 аралығында қазақ тобына Абдушева Г.Ж., ал орыс тобына Искалиев Д.Ж. дайындық курсына қатысушыларға география пәні бойынша «Жалпы жертану, Картография» курсы бойынша оқушыларға дайындық сабағын жүргізді. Дайындық курсына қатысушы оқушыларға сабақ картографиялық әдіс арқылы жүргізілді. Сабақ барысында Атмосфера және климат, Жер қабығы, Күн радиациясы, Қар жамылғысы сияқты тақырыптар оқушылармен талқыланып, тест тапсырмалары арқылы сабақ қортыланды.

29 наурыз күні 17-00 ден – 17-50 аралығында қазақ тобына Тургумбаев А.А., ал орыс тобына Шкуринский Б.В. дайындық курсына қатысушыларға география пәні бойынша В.Н.Холинаның 10-11 сыныптарға арналған 2014 жылы шығарылған «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсы бойынша Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау, Халықтар географиясы, Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның зерттеу нысандары тақырыбында түсіндірі, талдау, сұрақ-жауап және әңгімелесу әдістері арқылы оқушыларға дайындық сабағын жүргізді.

30 наурыз күні 17-00 ден – 17-50 аралығында қазақ тобына Искалиев Д.Ж. кестеге сәйкес жүргізуі қажет болатын, бірақ оқытушының белгілі себептеріне байланысты дайындық курсына келген қазақ тоыбындағы оқушыларға сабақ жүргізілмеді, оқытушы Д.Ж.Искалиевке ескерту жасалды, ал орыс тобына Амельченко В.И. дайындық курсына қатысушыларға география пәнінен «Жалпы физикалық география» курсы бойынша оқушыларға дайындық сабағын жүргізді. Оқушыларға сабақ тақырыбы географиялық атластар, тест тапсырмалары және сұрақ жауап арқылы жүргізілді.

31 наурыз күні 17-00 ден – 17-50 аралығында қазақ тобына Ходжанова Б.Х., ал орыс тобына Жумагалиева Б.Б. дайындық курсына қатысушыларға география пәні бойынша «Геология», «Ландшафттану» курсы бойынша оқушыларға дайындық сабағын жүргізді. Дайындық курсына қатысқан оқушылар география пәні бойынша қызықты мәлімет алып, өз ойлырын, таңдау мамандықтары туралы мәліметтер алды. Дайындық курсындағы география пәні бойынша жүргізілген сабақ уақытында аяқталды. Б.Х. Ходжанова мен Б.Б.Жумагалиева қатысушы оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы толық жүргізілді.

Қазақ тобының оқушыларына қосымша осы күні 18-00 ден-18-50 аралығында 30 наурыз күні өткізілмеген сабақты Д.Ж.Искалиев жүргізді. Оқушыларға кескін карта арқылы географиялық номенклатура арқылы сабақ өткізді.

ҰБТ тапсыруға ақысыз дайындық курсына география пәні бойынша Сырым, Бөрлі, Теректі , Зеленов, Ақжайық, Қаратөбе, Жаңақала аудандары бойынша қазақ, орыс бөлімдеріне 20 оқушы келді. Оқушылардың таңдау пәндері география пәні болғанымен мамандықтарын әлі де толықтай анықтамағандарын жеткізді.

28 наурыз күні география кафедрасының ұйымдастыруымен оқушыларды «География» мамандығына қызықтыру мақсатында “Менің өмірімдегі география” атты ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

Ғылыми жобаның негізгі зерттеу тақырыптары төмендегідей:

· аймақтың физико-географиялық ерекшеліктері (әлем, елдер, облыстар, аудан, елді-мекен);

· аймақтың эконом-географиялық ерекшеліктері (әлем, елдер, облыстар, аудан, елді-мекен);

· Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы (Каспий маңы аймағы, экономикалық аудан);

· туристік кластердің қалыптасуы;

· аймақтың геоэкологиялық мәселелері.

Ғылыми-зерттеу жобасына қала және аудан мектептері бойынша 45 жоба тапсырылды. Мектеп оқушылары өздері таңдаған әртүрлі географиялық тақырыптарды алып зерттейді. Конкурс 2 кезеңнен тұрды, 1- кезеңде ұсынылған жұмыстар жинақталып, іріктеу жұмысы жүргізілді. 2- кезеңде ғылыми жоба қорғалды.

Жоба жұмыстарын қорғау 3 топқа бөлінді, оның ішінде 2 қазақ тілі және 1 орыс тобы.

Қазақ тобындағы комиссия мүшелері (1 топ):

1. Тургумбаев А.А. – география кафедрасының аға оқытушысы, комиссия төрағасы

2. Абдушева Г.Ж. – география кафедрасының оқытушысы

3. Мұқаш А. – География мамандығының магистранты

Қазақ тобындағы комиссия мүшелері (2 топ):

1. Ходжанова Б.Х. – география кафедрасының аға оқытушысы, комиссия төрағасы

2. Жармаганбетова Н.С. – география кафедрасының оқытушысы

3. Бейсенова Ж. – география кафедрасының магистранты

Орыс тобындағы комиссия мүшелері (3 топ):

1. Шкуринский Б.В. – география кафедрасының аға оқытушысы

2. Искалиев Д.Ж. - география кафедрасының аға оқытушысы

3. Нурмуханбетова А. - география кафедрасының магистранты

Ғылыми-зерттеу жобасын бағалау 5 кретерий бойынша 5 баллдық жүйеде жүргізілді. Олар: 1. Жұмыстың рәсімделуі

2. Тақырып өзектілігі

3. Қорытынды

4. Баяндама

5. Сұраққа жауап беру

Осы аталған бағалау кретерийлері бойынша қорытынды балл шығарылды. Нәтижесінде ғылыми-зерттеу жобасының үздіктері анықталды.

Қазақ бөліміндегі конкурс нәтижелері мынадай :

1 - орын Сағатбаев Эльнур, зерттеу тақырыбы «Шаған өзені алабының географиялық-экологиялық жағдайы» (Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия).

2 - орын Амангелдиев Нұржай, зерттеу тақырыбы «Мұражайлар туған өлкеміздің асыл мұралары» (Орал қаласы, №43 ЖББМ).

2- орын Амантаева Э, зерттеу тақырыбы «Жаңақала ауданының демографиялық жағдайы» (Жаңақала ауданы Д.Нурпейсова ат. ЖОББМ)

2 - орын Махамбетова А, зерттеу тақырыбы «Тайпақ ауылының экологиясы» (Ақжайық ауданы, Байсықов атындағы ОЖББМ)

3-орын Абдрахманова Динара, зерттеу тақырыбы «Деркөл өзенінің экологиясы» (Тасқала ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ)

Орыс бөліміндегі конкурс нәтижелері:

1-орын Айшова Н., Победимова Е., зерттеу тақырыбы «Озеленение города Уральска: история и современность» (ШГВО).

2- орын Нургалиева Ш., зерттеу тақырыбы «Рынок труда и образовательной подготовки выпускников школ на примере учащихся ОСШОД № 8» (№8 облыстық дарынды балаларға арналған орта мектеп, мұғалімі Чернецова Л.Г).

3-орын Беляк А, зерттеу тақырыбы «Территориальная дифференциация заболеваемости и смертности населения ЗКО» (№7 ЖОББМ).

Н.Айшова мен Е. Победимованың жобаны қорғау сәті

Әділ-қазылардың нәтижені талқылау сәті

Жоба қорытындысы бойынша жүлделі орындармен қатар барлық қатысушы оқушылар сертификаттармен марапатталды.

Конкурсты қорытындылап, оқушыларды марапаттау рәсімінен кейін қатысушы оқушыларды оқытушылар Жармағанбетова Н., Искалиев Д.Ж. география кафедрасының мамандықтарымен таныстырып, жалпы университет туралы мәлімметтер беріп, буклеттер таратылды. Осы жобаға қатысқан оқушылар болашақта география мамандығына қызығушылықтарын танытып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ түсуге ынталарын білдірді. Жоба қорытындысы бойынша мәліметтер мектеп оқушыларының қызығушылығын ашу мақсатында Өркен газетіне мақала жарияланды.

28.03.2016 ж география кафедрасының доценті мен Амельченко В.И. Зеленов ауданының Щапов ЖОББМ 11 сынып оқушыларымен әңгімелесу ретінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Щапов ЖОББМ 11 сыныпта 7 оқушы оқиды, мектеп түлектеріне әңгімелесу барысында университет тарихымен, М.Өтемісов атныдағы БҚМУ республикадағы ең ежелгі оқу орындарының бірі екендігі туралы және универитет құрлымымен тололықтай таныстырылды. Мектеп бітіруші түлектерге сонымен қатар жаратылыстану-география факультеті мен оның кафедралары туралы нақтырақ айтып бердім.

Мектеп бітіруші түлектерге М.Өтемісов атындағы БҚМУ туралы ақпараттық және үгіт- насихат материалдарын таратып, ал сынып жетекшіге университет туралы толық мәліметі бар және оқу-әдістемелік нұсқауы бар дискі тапсырдым. 11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша 2 оқушы география пәнін таңдаған, бірақ болашақ мамандықтарын әлі де ойлануда.

Щапов ЖОББМ 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысынан кейін оқу хаттамасы толтырылды.

Зеленов ауданы Щапов ЖОББМ 11 сынып оқушыларының тізімі:

1. Баянгалиева Назерке

2. Демеуова Дана

3. Ерболатова Бекзат

4. Иманкулова Карина

5. Исаева Рахметолла

6. Сериккалиева Жансая

7. Шайхин Мадияр

Доцент В.И.Амельченконың Щапов ЖОББМ оқушыларымен кездесу сәті

Сынып оқушылары оқу ақысы, жатаханада орынның жеткіліктігі жөнінде және бітірген мамандардың жұмысқа орналасуы сияқты түрлі сұрақтар қойып, мектеп бітіруші түлектерге мен кеңейтілген жауап берді.

География кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысының бекітілген жоспары бойынша сәуір айына жоспарланған мектеп түлектерімен географиялық өлкетану сыныптан тыс сабағын өткізу шарасы кафедра оқытушыларының оқу жүктемелерінің сәйкес келмеуіне және климаттық қолайсыз жағдайларға байланысты орындалмады.

16-17 мамыр күндері география кафедрасының оқытушылары А.А.Тургумбаев, Д.Ж.Искалиев университет оқытушыларымен Теректі ауданына іс-сапарға барды. Кәсіби бағдар беру мақсатында Теректі ауданының барлық мектептері қамтылды. Іс-сапар барысында аталған аудандағы мектеп оқушыларына университет туралы және барлық мамандықтар бойынша кеңейтілген мәліметтер беріліп, сауалнама жүргізілді.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті география мамандығына түсуге үміткер мектеп бітіруші түлектердің тізімі.

Аты-жөні

Мектебі

1.

Сүндетов Нұр-Мухаммед

№1ЖОББМ

2.

Әбуғалиев Жұмагелді

Ақсуат ЖОББМ

3.

Бейбіт Бекзада

Ақсуат ЖОББМ

4.

Таңбаева Альфия

Ақсуат ЖОББМ

 

География кафедрасының

кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты : Хайруллина А.К.

География кафедрасының меңгерушісі: Галимов М.А.