Экология және биогеохимия сынақ зертханасының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент З.Х. Кунашева

 

 

 

 

 

Экология және биогеохимия сынақ зертханасының қызметі - университет жарғысымен бекітілеген іргелі қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, сонымен қатар білімнің жаратылыстану саласы бойынша (биология, экология, химия, география, химиялық технология) әдістемелік зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру.

ҚР қолданыстағы «Өлшеуіш құралдардың бірлігін қамтамасыз ету» заңын сақтау мақсатында жыл сайын бекітілген жоспар бойынша зертхананың өлшеуіш құралдары мен сынақ құрал-жабдықтары тексеруден және аттесттаудан И 18-02/09-5.5.2 құжатқа сәйкес өткізілді. 2013 ж. Батыс Қазақстан филиалының «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» зертхананың барлық өлшеуіш құралдарды мен сынақ құрал-жабдықтарды  ағымды тексеруден және аттестациядан өткізіп, сертификаттар берілді.

Абонементтік қызмет ету және нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету келісімшарты бойынша зертхананың нормативті құжаттары «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтында» тексеруден өтті.

Әрбір тоқсан сайын және жыл аяғында ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетке (Астана қ.), Ішкі істер бөлімінің рұқсат жүйесіне (Орал қ.) бақылауға алынған есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы жөнінде есептер тапсырылды (жауапты - зертхана меңгерушісі).

Әрбір тоқсан сайын және жыл аяғында зертхана қызметкерлері қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы есептер тапсырылды (жауапты - зертхана меңгерушісі).

Ғылыми жетекшілері мен кафедра меңгерушілерінің тапсырысы және өкімі бойынша жаратылыстану-географиялық факультетінің «Биология», «Экология», «Химия» мамандығының магистранттары зертханада магистрлік диссертацияның ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындады. Тапсырыс бойынша магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына әдістемелік және практикалық қызмет көрсетілді.

4 кесте. Зертханада орындалған кейбір магистрлік диссертацияның тәжірибелік жұмыстары

 

Магистранттың аты-жөні

Мамандығы курсы

Магистрлік диссертацияның тақырыбы

Ғылыми жетекшісі

1

И.В. Мизанова

6М011200 «Химия»,

2 курс

Мұнай өнеркәсібі қалдықтарын өңдеу және қолданудың физико-химиялық негіздері

Мендалиева Д.К.

2

Ж.А. Сармалаева

6М011200 «Химия»

2 курс

Мұнай шламдарын лабораториялық сынаудан өткізудің әдіснамасын жасақтау

Кунашева З.Х.

3

Г.Г. Вебер

 

6М011200 «Химия»

1 курс

Сақиналы фосфаттардың коррозияға қарсы қасиеттерін гравиметриялық зерттеу

Ниязбекова А.Б.

4

М.М. Мукашева

6М011200 «Химия»

2 курс

Модифицирленген сақиналы фосфаттардың гидролиттік ыдырау процесстері

Ниязбекова А.Б.

5

Қ.Б. Келмұқанов

6М011200 «Химия»

1 курс

Модифицирленген фосфаттардың жүйелеріндегі  ингибиторлық қасиеттерін электрохимиялық зерттеу

Ниязбекова А.Б.

6

Н.Аймурзина

6М011200 «Химия»

2 курс

Сақиналы фосфатты кешендердің электрондық құрылысының теориялық есептеулері

Ниязбекова А.Б.

7

А.Исполова

6М011200 «Химия»

1 курс

d-элементтер негізінде металдық электродтарды модифицирлеу және олардың электроаналитикалық сипаттамаларын аңықтау

Мендалиева Д.К.

8

М.Т. Берлигужин

6М060800 «Экология» 2 курс

БҚО Сырым ауданы су артерияларының экологиялық жағдайы

Қайсағалиева Г.С.

9

Е.Х. Жаксылыков

6М060800 «Экология» 2 курс

Аңқаты өзенінің аңғарының өсімдік жабынының қазіргі жағдайы

Утаубаева А.У.

Зертханада 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарының тәжірибелік бөлімі орындалады, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ)  және студенттердің индивидуалдық жұмыстары (СИЖ) жұмыстары  жүргізіледі. Сыңақ зертхана базасында 01405 т. 050608 «Экология» мамандағының 4 курс студенттері 22.04-04.05.2013 уақыт аралығында өндірістік сараманнан өтті.

Зертхана қызметкерлері бекітілген жоспар бойынша студенттер мен магистранттарға оқыту семинарларын өткізді. Семинар барысында студенттер, магистранттар мен оқытушылар іс жүзінде қазіргі заманғы аналитикалық және қосымша құралдармен танысты.

Зертхана қызметкерлері тоқсан сайын сынақ сапасының зертханаішілік бақылауын ұйымдастыру мақсатында әр түрлі сыңақтар өткізіп, нәтижелерін бақылайды.

Зерттеу нәтижесінде алынған сенімділікті растау үшін сынақ зертханасы зертханааралық салыстырмалы зерттеулерге қатысады. 2013 жылдың қараша айында зертхана «Қоршаған ортаны қорғау аналитикалық зертханасы» (Атырау қ.) сынақ зертханасымен және Жәңгір-хан атындағы БҚАТУ табиғатты қолдану және биотехнология ғылыми-зерттеу институтының инженерлік профильдегі биотехнология зертханасының сынақ орталығымен сынақ зертхана аралық зерттеуге қатысты. Зерттеу аймағы ретінде В 31-51 жиегіндегі топырақ алынды. Салыстырмалы зерттеулер келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілді: ылғалдылық, органикалық заттар, сульфат, хлорид иондары, сулы және тұзды ерітіндідегі рН, карбонаттар, бикарбонаттар, гидролиттік қышқылдылық, сулы ерітінділердегі кальций және магний, марганец, темір, қорғасын, мыс. Зерттеу кезінде алынған нәтижелер бірдей және ШРК сай келеді. Сынақ барысында экология және биогеохимия сынақ зертханасының нәтижелері оң екені дәлелденіп, сынақ хаттамалары салыстырылды .

Зертхана тәжірибе алмасу және  ынтымақтастық орнату мақсатында аккредиттелген зертханалармен байланыс орнатып, Атырау мұнай және газ институтының «Мұнайхимия» инженерлік профильдегі зертханасымен, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» ЖШС Атырау филиалымен, «Оралсуарна» ЖШС, «Эконорма» ЖШС-мен келісімшарт жасасты.

Келісім-шарт жұмыстары бойынша 2013 ж. сынақ зертхана базасында келесі келісім шарт жобаларының жұмыстары орындалды:

·  «Биологическая рекультивация нарушенных экосистем Карача-ганакского нефтегазоконденсатного месторождения и прилегающей территории». ҚР Білім және ғылым министрлігі. Жетекші - б.ғ.к., проф. М.М. Фартушина.

·  «Разработка научных основ получения фосфорсодержащих неорганических материалов на основе модифицированных полифосфатов». ҚР Білім және ғылым министрлігі. Жетекші - х.ғ.к., доцент Ниязбекова А.Б.

·  «Исследование электрохимических реакций на d-элементах (титан, молибден, вольфрам), разработка на их основе  индикаторных электродов и использование их в эколого-аналитическом контроле». ҚР Білім және ғылым министрлігі. Жетекші - х.ғ.д., проф. Мендалиева Д.К.

·  «Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений ЗКО». ҚР Білім және ғылым министрлігі. Жетекші - х.ғ.д., проф. Д.К. Мендалиева.

5-кесте. 2013 жылғы алынған аспаптар мен құрал-жабдықтар

 

Құрал-жабдықтардың атауы

Саны

Құны

Өндіруші

1

Айдау әдісі бойынша мұнай өнімдеріндегі судың сандық мөлшерін анықтайтын аппарат (штативсіз)

10 дана

71680,0

Ресей

2

Спиртті айдауға арналған аспап (айдау колбасы 500 мл) штативпен

2 дана

93354,0

Ресей

3

Хроматографиялық колонка, 300 мм

10 дана

38970,0

Ресей

4

Зертханалық термостат

1 дана

348801,60

BINDER (Германия)

5

Электрлік дистиллятор (10л/сағ)

2 дана

324800,0

Электромедоборудование Ресей.

6

Шар тәрізді диірмен

1 дана

560000,0

DAIHAN Scientific, Co., Itd. Корея

7

Медициналық зертханалық центрифуга

2 дана

290000,0

DASTAN, Кыргызстан

8

Электрондық зертханалық таразы

1 дана

-

Ohaus unstruments, США

9

Үшканалды автоматты ауа аспираторы

1 дана

269000,0

ООО «НИКИ МЛТ»,

Ресей.

10

Зертханалық таразы ВЛ-224В

1 дана

333800,0

НПП «Госметр», Ресей.

11

Спектрофотометр 6305 UV-VIS, Jenway

1 дана

697000,0

ОАО «Уралсиб», Ресей.

1. Экология және биогеохимия сынақ зертханасы өз жұмысын  ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының жалпы талаптар» басшылыққа ала отырып аккредиттеу органының бүкіл талаптарын орындайды.

2. Техникалық реттеу жүйесі бойынша аккредиттеу кезінде, осы уақыт аралығында зертхана өз қызметін басшылыққа ала отырып ешқандай заң бұзушылық болмады.