"5B011600 - География" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

 

Бакалавриат:5В011600-География

Академиялық дәрежесі: 5В011600-География мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру.

Оқудың түрі мен нормативті мерзімі: күндізгі оқу - 4 жыл; орта арнайы білім негізінде сырттай оқу - 3 жыл, жоғары негізінде - 2 жыл.

Мемлекеттік аккредиттеудің қолданылу мерзімі 01.04.2019 дейін.

Кәсіби қызмет обьектілері: Қазақстан Республикасының білім-беру-тәрбиелеу мекемелері (мектеп, лицей, колледж, мектептен тыс білім беру-тәрбиелеу ұйымдары мен зертханалары), мемлекеттік басқару ұйымдары, гидрометеорологиялық және туристік станциялар, орталықтар, т.б.

Кәсіби қызмет түрлері:

· білім беру қызметі; мұғалім ретінде, жалпы білім беретін, білім берудің орта кәсіптік ұйымдарында;

· тәрбиелеу қызметі, (мектептен тыс білім беру-тәрбиелеу ұйымдары, экологиялық және мектептегі өлкетану үйірмелерінде, қосымша білім педагогы, әдіскер, бөлім меңгерушісі, және т.б.);

· ғылыми-зерттеу қызметі, (ғылыми-зерттеу, академиялық институттарда және жоғары оқу орындарында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер ретінде);

· жобалау, (жобалау институттары мен ұйымдарында инженер, кеңесші, карта редакторы және т.б. ретінде);

· сараптамалық қызмет, (табиғатты қорғау, табиғатты пайдалану, халықпен қамту және т.б. мәселелері бойынша сарапшы ретінде);

· өндірістік қызмет, (табиғат ортасын қадағалау бойынша жүйелердің инженері ретінде, табиғатты қорғау ұйымдары, туристік-өлкетанушылық және экологиялық мекемелердің қызметкері ретінде және т.б.);

· ұйымдастыру-технологиялық қызмет, (өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде).

Кәсіби қызмет мазмұны:

· оқу-тәрбиелеу үрдісі;

· ғылыми-зерттеу жұмысы;

· басқару-ұйымдастыру қызметі.

Педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру мен басқару, оқушымен танымдық қызметтің амалдарын, білімнің жеке адамға мәнділігін белсенді меңгеруге бағдарлау, барлық білім беру үдерісінің оқушының жеке басына бағдарлауы, оның өзін ашуы мен өзін өзі танытуы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың өздігінен білім алуы мен кәсіби бағдарлауы үшін қолайлы жағдайларды жасау, педагогикалық қызметтің психологиялық және әдістемелік дұрыс құрылуы, объективті заңдылықтар және географияны оқытудың қазіргі талаптарын есепке алумен жеке кәсіби қызметтерін жоспарлау.

Білім беру бағдарламасының бәсекелік артықшылығы:

· Білім беру бағдарламасын меңгеру барысында студенттер Қазақстан жоғары мектебінің еңбегі сінген кызметкерлері бар жоғары білікті оқытушылардың практикалық және дәрістік сабақтарына барады.

· Кафедра оқу тәжірибелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік туғызатын қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған (GPS қабылдағыштар, автоматтандырылған ауа райын болжау станциясы, цифрлық теодолиттер мен тахеометр, нивелирлер). Кафедра негізінде геологиялық музей жұмыс істейді.

· Бітіретін кәсіби квалификациялық жұмыстарды қорғауда және барлық дәрістік курстарда мультимедиялық технологиялар кеңінен қолданылады. ГАЖ (географиялық ақпаратақ жүйелер) технологиялары кеңінен қолданылады (QuantumGIS, ArcGIS, SASplanet бағдарламалық пакеттер және т.б.).

· Студенттер «Балалар және жасөспірімдер туризмі» қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқи алады.

· Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілер М.Өтемісов атындағы БҚМУ және Қазақстан мен Ресейдің басқа ЖОО-да магистратурадағы оқуларын жалғастыруларына болады.