Химия кафедрасының тарихы

 

            Химия кафедрасы 1938 жылы құрылды, оның алғашқы меңгерушісі болып М.И. Козловская еңбек етті.

            Әр жылдары химия кафедрасында: ғылым кандидаттары: Родина М.В., Потлова Г.А., Анброх Р.Б., Лакеева Г.А., Бейсембаева Л.Г., Строкова З.П., Байшиганов Е.Б., Джумакаева Б.С., Бочкова А.П., оқытушылар:  Маликова Г.А., Карташова В.Ф., Борисова З.А., Бекова З.Н., Орлова Р.И.; зертханашы  Баннова Н.Н. жұмыс жасады.

            Кафедра оқытушылары жоғары мамандандырылған химик мұғалімдерді дайындауда үлкен үлестерін қосты, олардың кейбіреулері ғылым жолына түсіп  ҚР ғылымы мен білімінің дамуына өз үлестерін қосуда (Череватова Н.К., Кабдрахимова А.К., Бочкова А.П., Джумакаева Б.С., Ниязбекова А.Б., Ниязова Р.Е., Казимова Г.И. и др.). Көптеген түлектер әр салада жоғары білікті  маман ретінде жұмыс жасауда.

            Тәуелсіздік жылдарында ғылыми –педагогикалық саланы әрі қарай дамытуға: ғылым кандидаттары Байшиганов Е.Б.,Череватова Н.К., Строкова З.П., Бейсембаева Л.Г., Костарев А.С., Гумаров М.Х., Ниязбекова А.Б., Ниязова Р.Е. оқытушылар: Орлова Р.И., Есеева Г.Б.,Амангосова М.Г., Аккалиева Ш.А., Капанова Г.Г., Хабдулхаликова М.З. өз үлестерін қосты.

            2009 жылдан бері кафедра меңгерушісі қызметін химия ғылымдарының докторы, профессор Д. К. Мендалиева  атқарады. Сонымен қатар соңғы жылдары кафедраның профессор-оқытушылық құрамы химия ғылымдарының кандидаттары: Кунашева З.Х., Сариева Л.С., Нұртаева Ж.Т. сияқты мамандармен толықтырылды.

            Қазіргі таңда кафедра химия және химиялық өңдеу салалары үшін қажетті мамандарды ағылшын тілінде мамандандырып бакалавриатура және магистратурада келесі бағыттар бойынша дайындайды: 5В011200-«Химия», 5В060600-«Химия», 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» , 6М011200 «Ғылыми-педагогикалық химия».

            Кафедрада тәуелсіздік жылдарында мамандық бойынша білім бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жабдықталған оқу және ғылыми зертханалар салынды. Кафедра оқытушылары студенттерге жоғары білім беру мақсатында 100-ден аса қазақ және орыс тілінде оқу-әдістемелік құралдар және нұсқаулары жарық көрді, олар оқу процесінде кеңінен қолданылады: «Органическая химия» Череватова Н.К., «Бейорганикалық химиядан сарамандық жұмыстар» Ниязбекова А.Б., «Практикум по биохимии» Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. и др. 15 пән бойынша электронды кітаптар құрастырылды (Череватова Н.К., Костарев А.С., Орлова Р.И., Строкова З.П., Ниязбекова А.Б.)

            Сонымен қатар кафедра оқытушылары ғылыми зерртеу жұмыстарын мынадай бағыттарда жүргізеді: 

1. Карашығанақ кен орнының қоршаған ортаға әсерін зерттеу (х.ғ.к., доцент Череватова Н.К.,х.ғ.к., доцент Строкова З.П.).

2. Қатты электродтарда өтетін электродты процестердің кинетикасы мен механизмін зерттеу (х.ғ.д, профессор Мендалиева Д.К., х.ғ.к. Кунашева З.Х.).

3. Жоғары және орта мектептердегі педагогика (Мендалиева Д.К., Есеева Г.Б., Амангосова М.Г., Капанова Г.Г.).

4. Полифункционалды қасиетке ие фосфорқұрамды қосылыстарды синтездеу (х.ғ.к., доцент Ниязбекова А.Б.).

Соңғы 5 жылда зерттеу қорытындылары бойынша 150-ден аса мақалалар әр түрлі басылымдар және халықаралық, республикалық конференция материалдарында баяндамалар, тезистер жарық көрді (АҚШ, Чехия, Россия).

Ғылыми зерттеулерде студенттер (Тлепбергенова А., Исполова А. Жолгелдиев Ж), мен магистранттар (Сейфуллина Б., Малаева Б.) белсенді қатысуда ғылыми жұмыстары  республикалық және ресейлік басылымдарда жарық көрді. Республикалық олимпиадада жеңімпаз атанған студенттер:Жолгельдинов Ж., Еслямов К., Тлепбергенова А.-кафедра мақтаныштары.

FaLang translation system by Faboba
  • 1