ГЕОГРАФИЯ  КАФЕДРАСЫ

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті география кафедрасы заманауи талаптарға сәйкес, бакалавриаттың 2, магистратураның 1  мамандықтары бойынша күндiзгi, сырттай оқу формалары бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады.

5В011600-География

-         География және балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетану

-         География және биология

-          География, мектептегі ағылшын тіліндегі география

5В060900-География

-          География, мектептегі ағылшын тіліндегі география

-          География, география және тарих 

-          География және балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетану

6М011600-География

 

 

5В011600-География, 5В060900-География мамандықтары бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі немесе біліктілік беріледі.

Ғалымов Мирас Амангелдіұлы – кафедра меңгерушісі м.а.

 

 

 

 

Кафедра тарихы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті география кафедрасы 1938 жылдан бастап Иркутск университетінің бұрынғы түлегі, география ғылымдарының кандидаты Г.Е. Москалевтің ұйымдастыруымен  ашылды. Кафедра жұмыс жасаған алғашқы жылдары физико-географиялық, климаттық, гидрологиялық және гидрогеологиялық бағыта зерттеулер жүргізді. Ұлы Отан соғысы жылдары кафедра құрамында жұмыс жасаған профессор М.В. Фремд, И.М. Кондаков, М.Н. Королев, тәжірибелі әдіскер Ф.П. Калинин және т.б. ХХ ғасырдың 50-60 жылдары арнайы құрылған метеорологиялық алаңдағы жүйелі бақылаулардың нәтижесінде Орал қаласының климаттық сипаттамасы әзірленді, 1946-1954 жылдар аралығындағы Орал қаласының ауа райының типтері анықталып, Батыс Қазақстан облысының климаттық аудандастырылуы жүргізілді. 50-жылдары кафедрадағы экономикалық-географиялық зерттеулерге Г.Е. Москалев жетекшілік жасады. Бұл жылдары КСРО қалаларының географиясын зерделеу мәселесі Н.Н. Баранскийдің идеясы негізінде белсенді жүргізілді.

70 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Кеңес Одағының экономикалық география кафедрасында ғылыми кадрлерді дайындау жұмыстары негізінде Н.Н.Баранский-Колосовский ғылыми мектеп негізінде 1976-1979 ж.ж. кафедраның алғашқы аспиранты А.Ғ. Ғалымов «Транспорт в районном производственном комплексе» (Батыс Қазақстан негізінде) кандидаттық диссертациясын қорғады. 1983-1984 ж.ж. «Сельскохозяйственное использование земель северо-востока Европейской части нечерноземной зоны РСФСР» тақырыбында В.И. Амельченко, «Экономико-географические аспекты формирования кадров промышленности Южного Казахстана» тақырыбында Т.А. Терещенко кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады. 1990 жылдары  М.А. Ғалымов , 2012 ж. Э.Ж. Имашев, 2014 ж. Б.В. Шкуринский кандидаттық диссертацияларын қорғады.

Кафедраның ғалымдары

 

 Москалев Геогрий Ефремович

1904 жылы 6 мамырда Иркутск облысы, Зима селосында дүниеге келген. 1927 жылы Иркутск мемлекеттік университетін бітірген. 1938 жылдан 25 жыл бойы, яғни 1979 жылдың 29 қазанына дейін Орал педагогикалық институтында (М.Өтемісов ат. БҚМУ) қызмет етті. Георгий Ефремович институттағы жаратылыстану факультетінің негізін қалаушылардың бірі, алғашқы факультет деканы және кафедра меңгерушісі. Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІ дәрежелі «Қызыл Жұлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марпатталған. 1966-1967 жылдар аралығында институттың ғылыми істер жөніндегі проректор қызметінде болды, география ғылымдарының кандидаты,доцент. Ол Қазақ ССР, жалпы СССР географиясына байланысты 60 аса ғылыми жұмыстың авторы.

Ревнивых Николай Евгеньевич  

1898 жылы маусым айында Свердловск облысы, Н.Тагиль қаласында дүниеге келген. 1917-1923 жылдары Перм мемлекеттік университетін бітірген.  1923-1927 қызмет істеп жүріп, Перм мемлекеттік университетінің педагогикалық  факультетін бітіреді. 1934-1937 жылдары Перм мемлекеттік университетінен аспирантура аяқтайды. 1939-1964  жылдар аралығында А.С Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында қызмет етті. 1939 жылдан бастап география кафедрасында аға оытушы, 1944-1957 жылдары жаратылыстану факультетінің деканы қызметін атқарды. Жалпы 12 ғылыми еңбектің авторы.

   Ғұмар Жұмабекұлы Сарсенғалиев Ұлы Отан соғысы ардагері, аға оқытушы 

1947 жылы А.С Пушкин атындағы Орал педагогикалық  институты география  факультетіне оқуға түседі.  1952 жылдан  экономикалық география кафедрасында 45 жыл оқытушылық қызмет атқарды. Бірнеше ғылыми еңбектің авторы.  Ғұмар Жұмабекұлы біздің отанымыздың бірнеше «Құрмет белгілерімен» және «Педагогикалық институттың 50 жылдығына орай Қаз ССР Жоғары кеңесінің» мақтау грамоталарымен марапатталған.

 

 Мазницына Клавдия Тимофеевна география ғылымдарының кандидаты, доцент

1921 жылы ШҚО Киров ауданы с. Бабровка дүниеге келген. 1942-1946 жылдары Абай атындағы Қазақ педогогикалық институтында білім алған. 1947-1949 жылдары Марксизм-Ленинизм кешкі мектебін аяқтаған. 1954 жылы Абай атындағы Қазақ педогогикалық институтында кандитаттық дисертация қорғады. 1954 -1991 жылдар аралығында А.С Пушкин атындағы Орал педагогикалық  институтында сабақ берді. «Материктер мен мұхиттардың  физикалық географиясы» «СССР-дің физикалық географиясы», «Қазақ ССР-нің физикалық географиясынан» дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізді. «Фенологиялық бақылаудың әдістемелік» кітабының және 12 ғылыми еңбектің авторы. «Еңбек ардагері» медалінің иегері, «Қазақ ССР-нің білім беру үздігі» және «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгілерімен марапатталған.

 

Тұрашев Қарасай Тұрмақұлы Ұлы Отан соғысы ардагері, аға оқытушы 

1927 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы дүниеге келген. 1945 жылы Омск қаласындағы КСРО ІІМ мектебін аяқтап, Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігінің ішкі әскері 446 полктің 81 атқыштар дивизиясы қатарында Украина фронтында соғысқа қатынасқан.  1953-1957 жылдары А.С Пушкин атындағы Орал педагогикалық  институтында білім алды. 1959-2009 жылдар аралығында  география кафедрасында аға оқытушы  қызметін атқарды. Қарасай Тұрмақұлы «Қазақ ССР ағарту үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгілерімен және Қазақстан Республикасының білім беру минстрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Ғалымов Амангелді Ғалымұлы

1944 жылы 10 желтоқсанда БҚО, Фурманов ауданы, Киров селосында дүниеге келген. 1966-1971 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық  институтында білім алады. 1971-1976 жылдары А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық  институтында, экономикалық география кафедрасында ассисент қызметін атқарады. 1976-1979 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінде аспирантурада оқып, «Аудандық өндірістік кешенді транспорт» (Батыс Қазақстан мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1979-1981 география кафедрасында аға оқытушы, Жаратылыстану- география кафедрасында декан орынбасары қызметін атқарды. 1981жылдан бастап экономикалық география, география кафедрасының меңгерушісі.  1996 жылы А.С. Пушкин атындағы Батыс-Қазақстан гуманитарлық университетінің профессоры деген академиялық атағы берілді. «Қазақ ССР-ң халыққа білім беру үздігі» белгісімен, «Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 20 жыл», «В.И. Ленин туылғанына 100 жылдығына арналған мерей  тойына арналған» медальімен марапатталған.

 

  Чернышов Дмитрий Михайлович

1937 жылы Калинин облысы, Калязин ауданы, Андреев селосында дүниеге келген. 1956-1961 жылдары Москвадағы К.А Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, 1968-2009 жылдары география кафедрасында оқытушысы, аға оқытушысы, 1976-1981 жылдар аралығында  экономикалық география кафедрасының меңгерушісі, 1984 жылы факультет деканы, 1984-1987 жылдар аралығында факультет деканының орынбасары болып қызмет атқарды.  «Еңбек ардагері» медалінің иегері және «Қазақ ССР халыққа білім беру үздігі» белгісімен марапатталған.

 

 

Джубанов Александр Айтжанович

1947 жылы 19 қаңтарда  БҚО, Тайпақ ауданы, Харькино селосында дүниеге келген. 1965-1970 жылдары А.С Пушкин атындағы Орал педагогикалық  институтында білім алады. 1974-2010 жылдары география кафедрасында аға оқытушысы болып қызмет етті. «Жалпы жертану», «Метереология және климатология», «Геоморфология» пәндерінен сабақ беріп және студенттерге қызықты далалық сарамандар өткізді. 100-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.  

 

Кафедра меңгерушілері

 

1938-1974 жылдары кафедра меңгерушісі доцент Г.Е.Москалев (кейбір жылдары кафедра физикалық және экономикалық география бөлімдеріне жеке дара бөлінді),1941-1947 жылдары доцент Н.З.Стрельников, 1950-1963 жылдары профессор М.В.Фремд, 1970-1986 жж. доцент К.А. Ли (физикалық география кафедрасы), 1975-1980 жж. аға оқытушы Д.М. Чернышов, 1981-1987 жж. профессор А.Я. Парфенова,1991-1996 жж. доцент А.Б.Бақтығұлов, 1981-1996 жж. экономикалық география кафедрасына, 1996-2002 жж. профессор А.Ғ. Ғалымов, 2002-2003  ж.ж. аға оқытушы С.К. Рамазанов, 2003-2005 ж.ж  доцент Т.А Терещенко, 2005-2010 ж.ж доцент М.А. Ғалымов, 2010-2014 жылдары доцент В.И Амельченко, 2014-2015 оқу жылында А.А.Тургумбаев  жетекшілік жасады.

FaLang translation system by Faboba
  • 1