Жаратылыстану-география факультеті

 

Факультет мамандықтары (бакалавриат):

5В011200 Химия

5В060600 Ғылыми-химия

5В072100 Органикалық заттардың  химиялық технрологиясы

5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

5В011300 Биология

5В060800 Экология

5В011600 География

5В060900 Ғылыми география

Магистратура мамандықтары:

6М011200 Химия

6М011300 Педагогикалық биология

6М060700 Ғылыми биология

6М060800 Экология

6М011600 География

 

Факультет тарихы. 1932 жылы М.Н.Покровский атындағы екінші қазақ педагогикалық институтының «Биология» бөлімі болып құрылады.

1935 жылы факультет жанынан мұғалімдер институтының жаратылыстану-география бөлімі ашылады.

1938 жылы биология факультеті «Жаратылыстану факультеті» болып өзгертілді, факультеттің деканы болып б.ғ.к. М.И.Аунапу тағайындалады. Химия  кафедрасы құрылып, кафедра меңгерушісі М.И.Козловская және ботаника кафедрасы – кафедра меңгерушісі қызметін В.В.Иванов атқарады. Мұғалімдер институтының жанынан жаңа география факультеті құрылады. В.В.Ивановтың жетекшілігімен ботаникалық алаң жасалады. Сонымен қатар өсімдіктер коллекциясы жинақталып, екі оранжерея және бір метеостанция жұмыс істей бастайды.

1939 жылы жаратылыстану кафедрасы үшке бөлінеді: ботаника (кафедра меңгерушісі В.В.Иванов), зоология (кафедра меңгерушісі А.Р.Штамм), адам және жануарлар физиологиясы (кафедра меңгерушісі М.И.Чушкин).

1941 жылы Ұлы Отан соғысына факультет деканы М.И.Аунапу, қызметкерлері мен оқытушылары А.А.Джадралиев, В.Н.Кочанов, В.В.Иванов, Г.Е.Москалев және тағы басқалары майданға аттанады. Факультет кафедралары жаратылыстану ғылымдары кафедрасына біріктіріліп, оны доцент Е.М.Фомина, кейін 1943 жылы майданнан қайтқан В.В.Иванов басқарады. Бұл кафедра 1946 жылға дейін жұмыс жасайды.

1946 жыл қайтадан үш жетекші кафедра жабдықталады: зоология, химия және ботаника. Факультет жаңа кадрлармен (зоология кафедрасы ғылым кандидаты К.Е.Некрашевич, И.В.Смирнова, профессор С.Д. Сидоряк, химия кафедрасы М.В.Родина, К.Д.Нұрмағамбетов) толықты. География кафедрасы қайтадан екіге бөлінеді: география (кафедра меңгерушісі Г.Е.Москалев) және геология (кафедра меңгерушісі М.Е.Ревнивых).

1951 жыл екі факультет жаратылыстану-география факультетіне бірігеді. 1951-1968 ж.ж. аралығында зоология кафедрасын б.ғ.к., доцент А.А.Цыганков басқарады, оның жетекшілігімен жануарлардағы кокцидоз ауруына ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіледі. 1954 жыл күндізгі және сырттай оқитын мұғалімдерді даярлау 2 бағытта жүреді: биология-химия және биология-география. 1955 жыл география кафедралары бір кафедраға бірігеді. Оны профессор М.В.Фремд басқарады, ал 1961 – 1968 жылдар аралығында доцент Г.Е.Москалев жетекшілік етеді.

1957 жыл Оқу жоспарының және химия кафедрасының оқу пәндерінің санының өзгеруіне байланысты химия кафедрасы ботаника кафедрасымен бірігеді. Кафедра «Ботаника және химия» деп аталды, жетекшісі болып профессор В.В.Иванов тағайындалады.

1961 жылы кадрлардың ғылыми деңгейін жоспарлы түрде даярлау үшін 1961 жылы «Ботаника» мамандығы бойынша (ғылыми жетекшісі В.В.Иванов) аспирантура ашылады.

1964 жылы «Экономикалық география» (жетекшісі Г.Е.Москалев) мамандығы бойынша аспирантура ашылады. Факультеттің алғашқы аспиранттары мен түлектері – А.З.Петренко (ботаника кафедрасы) және А.Я.Парфенова (география кафедрасы) болады.

1965-1968 ж.ж. факультетті п.ғ.к. Л.Г.Завадская басқарады.

1967-1980 ж.ж. осы жылдар аралығында «Экономикалық география» кафедрасында Г.Д.Сарсенгалиев, К.Т.Турашев, Л.И.Казакова, Л.Н.Ильина, Н.Н.Ульянова, Д.М.Чернышев жұмыс жасайды. Кафедра жаңа жас оқытушылармен толығады: А.Г.Ғалымов, Т.А.Терещенко, В.И.Амельченко. Кафедра меңгерушісінің жетекшілігімен физикалық географияны В.И. Воропинов (1968-1970 ж.ж.) және К.А. Ли (1970 – 1980 ж.ж.) жетекшілік етеді, кафедра құрамында – А.Я.Парфенова, Н.П.Труфанов, Л.Ф.Ахова, Т.Н.Волныцева, З.Г.Мухтарова, З.Г.Воробьева, К.Т.Мазницына болады.

1968 жылы факультет деканы болып А.З.Петренко тағайындалады.

1973-1979 ж.ж. факультетті институт ректоры қызметіне ауысқанша Е.А.Агелеуов басқарады.

1985 жылы факультеттің алты кафедрасы ботаника, химия, география болып 3 кафедраға біріктіріледі.

1987-1992 ж.ж. Факультет деканы болып Е.Б.Байшағанов тағайындалады. Одан кейінгі жылдары факультет деканы А.Б.Бақтыгулов (1992 – 1993 ж.ж ), Л.А.Байдулова (1993 – 1994 ж.ж.), П.В.Дебело (1995 – 1997 ж.ж.), М.Н.Панкина (1997-1999 ж.ж.), 1999-2000 ж.ж. С.К.Рамазановтар болды.

2005 жыл М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің, жаратылыстану факультеті педагогикалық институттың «Жаратылыстану» бөлімі болып қайта құрылады.

2012 жылдан бері факультетте биология және экология, география және химия кафедралары жұмыс жасайды.

Қазіргі кезде факультетте заманауи талаптарға жауап беретін экология мен биогеохимия сынақ зертханасы, химия, биология, география оқу зертханалық кабинеттері жабдықталып, оқу үрдісінде қолданылады. Факультетте профессорлар: Д.К.Мендалиева, М.М.Фартушина, Т.Е.Дарбаева, доценттер: А.Б.Ниязбекова, Н.К.Череватова, Б.С.Альжанова, Л.А. Байдулова А.У.Утаубаева, В.И. Амельченко, М.А.Галимов, Т.А. Терещенко, З.Х.Кунашева сияқты ғалымдар қызмет етеді. Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен (Н.Коперник атындағы Польша мемлекеттік университеті, Самара мемлекеттік университеті, Тольятти экология институты, Орынбор Дала институты, Орынбор мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург қаласындағы Комаров атындағы Ботаника институты, РОН топырақтанудың физико-химиялық және биологиялық мәселелер институты, Башқұрт мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, Қалмақ мемлекеттік университеті, ҚР ҰҒА және РФ ҒА Жәнібек стационары,  ҚР БҒМ Ботаника және фитоинтродукция институты, Зоология институты, ҚазҰПУ ботаника кафедрасы Алматы қаласы, Санкт-Петербург Ғалымдар Одағы және Евразия Ғалымдар Одағы, Наввар университеті, Памплона, Испания) тығыз байланыста жұмыс жасайды.

 

Факультеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен келісімшарт негізінде қызмет көрсету қазіргі заманға лайық жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған аккредиттелген экология және биогеохимия сынақ зертханасында (жетекшісі х.ғ.к. З.Х.Кунашева) және «Биотехнология және экологиялық зерттеу» орталығында (жетекшісі б.ғ.к. Ерғалиев Ә.С.) «Химия және химиялық технология» орталығында (жетекшісі х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиева) жүргізіледі.

FaLang translation system by Faboba
  • 1
  • 2