2016 жылдың 9 маусым күні «EXPO-2017» халықаралық көрмеге арналған «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы: трендтері, мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияның пленарлық мәжілісіне Намысов С.В.- экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Калмақ мемлекеттік университеті, Чибилев  А.А.- Орыс географиялық қоғамының вице-президенті, РҒА Дала институты директоры, РҒА корреспондент-мүшес, Қайыржанов А.Қ.- филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Родионова И.А. – география  ғылымдарының кандидаты, профессор Ресей Халыктар Достығы Университеті, Дейнеко А.Г. - география  ғылымдарының кандидаты, профессор Украина мемлекеттік теміржол көлігі Университетінен шақырылған болатын. Конференция 4 секция бойынша жұмыс жасады.

1. Қазақстан аймақтарының индустриалды-инновациялық дамуының тенденциясы мен келешегі.

2. Қазақстанның өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері мен келешегі.

3. Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің рөлі.

4. ҚР білім беруіндегі жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың инновациялық тетіктерінің дамуы: үштілділік, оқытудағы жаңа технологиялар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba