Тіл-татулық тірегі 

      ҚР  “Тілдер туралы”  Заңында “Тіл- ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән  ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі  мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы- тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты”  делінген.

     22- қырүйек күні  жаратылыстану-география факультетінде Қазақстан Республикасы халықтарының  тілдер күніне орай “Тіл-татулық тірегі” атты мерекелік шара өткізілген болатын.

Бұл мерекелік шараның басты мақсаты-

1- жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру;

2- өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілімізде таза сөйлеуге және баба рухынан , тілінен нәр алып,  сусындап  өсуіне тәрбиелеу; 

3- ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге баулу, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;

4- ана тілінің өміршеңдігін, қоғамдағы рөлін арттыру;

5-  халқымыздың салтын, әдет- ғұрпын құрметтеп, жан-жақты дамыту; 

     Мерекелік шара тақырыбымызға байланысты видеороликпен ашылған болатын.

     Қазақ тілі- арман мен мұңның, қайғы мен қуаныштың, сүю мен күюдің, іңкәрлік пен құштарлықтың, сағыныштың бар қуатын өзіне дарытқан нұрлы тіл деп мақтанамыз.

     Апталық аясында оздырылған “Тіл- ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі” атты қаламгерлер байқауын  қорытындылауға жаратылыстану-география факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Сүлейменова Гүлнар Науханқызы, “Мемлекеттік тіл-  Қазақстанды біріктіретін тіл” атты тақырыпта 100 сөзден құралған тілектер байқауын қорытындылауға, жаратылыстану-география факультетінің студенттік деканы Қонысбаев Абылай құттықтау сөз сөйлеген болатын.

     Тәуелсіз елдің ертеңгі ұрпағы өз тілінің жанашыры ғана емес, кез-келген ортада, ғылымның қай саласын меңгерсе де ең алдымен өз ана тілінде ойлап, өз ана тілінде сөйлей алатын, пікір сайыстыра алатын өзіндік “мені” бар тұлға болуы  керек дегендей, біздің факультетіміздің де өнерлі қырандары: Сунгатова Шаттық, Қанатқалиева Гүлдана, Нұржанова Римма өз өнерлерін көрсеткен болатын.

     Елбасының ана тілі туралы: “Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?!” Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқысы болған- оның ғажайып тілі” дегендей, 

“Өткірдің жүзі,

Кестенің ізі

    Өрнегін сендей сала алмас”,-деп дана Абай айтқандай, кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін,өшпейтін ғажайыптар тудырған сұлу да бай, сөйлеу құралы ретінде де орнымен қолданып, оны дамытуға, шәкірт бойына сіңіруге баршамыз өз үлесімізді қосайық!

 

 

FaLang translation system by Faboba