ҚАЗАҚ ЕЛІМ

Алаш елім, айбыным, қазақ тілім,

Кең пейілді, қонақжай-қазақ жұртым.

Алашымның үстінде туын тіккен,

Желбіреп тұр, қазақтың-туы  бүгін.

 

Атыңнан айналайын-Қазақ елім,

Жайнай берсін, мәңгілік байтақ жерің.

Мақтанышым, бір өзіңсің-кең даламның,

Алаш елдің жүрегінде сақталғансың.

 

Қазағым, қадам басқан болашаққа,

Келешегі болатын нұрлы жолда.

Биіктерден көрінетін көк туымен,

Қазақ-дейтін ұлтыммен мақтанамын.

 

Қазағым-болашағым,

Мен сенің болашағың.

Қазақстан дархан елім,

Бейбітшілік егеменім.

Мәңгі жаса! Мәңгі жаса!

Қазақстан елім менің.

 

 

Ismail Zhansaya, 1-year student majoring in mathematics