11 сынып оқушылары арасында өткен қалалық

химия пәнінен олимпиада туралы

есеп

2017 жылдың 21 ақпан күні Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында химия кафедрасының оқытушыларымен 11 сынып оқушылары арасында қалалық химия пәнінен олимпиада өтті. Комиссия төрағасы – аға оқытушы, магистр Кубашева Р.Н., сонымен қатар комиссия құрамына кафедра оқытушылары – Мизанова И.В., Исполова А.Ж., Абдырахман А.К. кірді.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңнің тапсырмасы 20 сұрақты қамтитын (10 сұрақ – бейорганикалық химия, 10 сұрақ – органикалық химия), 8 жауап нұсқасымен тест түрінде құрастырылды. Бірінші кезеңнің максималды баллы – 45. Екінші кезең – практикалық тапсырма. Тапсырма қиындық деңгейі әр түрлі (5, 6, 9, 10 балл) 4 есепті қамтыды. Екінші кезеңнің максималды баллы – 30. Жалпы балл саны – 75.

Олимпиадаға 17 қала мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты. Олар: №21, №13, №3, №47, №42, №16, №37, №34, №12, №43, № 22, №23, №46, №27. Олимпиадаға қатысқан оқушы саны – 28 (хаттама). Олимпиада нәтижелері бойынша 5 оқушы орынға ие болды: екі оқушы ІІ дәрежелі диплом (Хамматова А., Маратова А.), үш оқушы ІІІ дәрежелі диплом (Ганчина А., Кулбабаева А., Амандыкова Г.). үш оқушы алғыс хатпен марапатталды (Лысова К., Абдрахманова А., Аичева В.). Минималды балл саны– 16, максималды – 50.

Олимпиада нәтижелері мен екі кезеңнің тапсырмаларының мазмұны chemistrywksu instagram парақшасында жарияланған.

Председатель: __________ Кубашева Р.Н

Члены комиссии: __________ Мизанова И.В.

_________ Исполова А.Ж.

__________ Абдырахман А.К