Химия кафедрасы филиалының 2016-2017 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша жұмысы туралы есеп

Химия кафедрасының филиалының жұмысы 2016-2017 оқу жылыга құрылған жоспарға сәйкес жүргізіледі. Келісім шарт негізінде Орал қаласының № 19, 34, 38, 39 және Ақжайық, Зеленов, Бөрлі, Казталов, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының мектептерімен кәсіби бағдар жұмысы жалғасуда.

Химия кафедрасы филиалының жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқырылды:

- Қалалық және аудандық орта білім беретін мектептермен келісім шарт жасалды;

- Берілген оқу жылында кәсіби бағдар жұмысына жауапты оқытушылардың графигі құрыылды;

- Орал қаласының № 19, 34, 38, 39 мектептерінің оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді;

- «Химия» мамандығы бойынша үгіт-насихат және жарнамалық материалдар жинақталып, мектептерге таратылды;

- Ғылыми жоба, олимпиада, емтихандарға дайындау мақсатында қала және ауыл мектептерінде кездесулер ұйымдастырылды;

- «Жексенбілік мектеп» жұмысы ұйымдастырылды, соған сәйкес бейорганикалық, физикалық, аналитикалық, органикалық химия пәндері бойынша сабақ кестесі құрылды.

Кафедра оқытушылары Мендалиева Д.К., Мукашева М.М. № 17, 38, 16, 19 қала мектептерінде ұйымдастырылған әдістемелік отырыстарға қатысты. Мұнда ғылыми жобаларды жаауға және ұйымдастыруға қатысты кеңестер берілді.

 

Қазан айында химия кафедрасының оқытушылары мен студенттер № 1, 17, 34, 35 қала мектептерінің, эстетикалық бағыттағы гимназия оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Мұнда факультет аудиторияларына, химиялық лабораторияларға экскурсия жасалып, «Химиктер қатарына қабылдау» шарасына шақырылды.

Жаратылыстану-математика бағытындағы мектептермен және кәсіптік сыныптармен (№35 лицей, №28 мектеп-лицейі, №1, 19, 34, 38 ОЖББМ) жұмыс жасалады. Осының негізінде кафедра оқытушылары (Мендалиева Д.К., Череватова Н.К., Есеева Г.Б.) «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Физикалық химия» пәндерінің таңдаулы тақырыптары бойынша арнайы курстао ұйымдастырылды. Бұл курстарда олимпиадаға, емтихандарға (жаңа форматтағы ҰБТ) және ғылыми жобаларға дайындық жүргізіледі.

Желтоқсан айында кафедра оқытушылары ғылыми жобалар сайысына белсене қатысты, олар оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының рецензенті (Сдикова Г.Ж., Мукашева М.М., Кубашева Р.Н., Мизанова И.В., Утепкалиева Г.И) болды, сонымен қатар комиссия құрамында (Мендалиева Д.К., Череватова Н.К., Сейфуллина Б.С.) болды.

2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері 9-11 сынып оқушылары (№35 лицеф, ҚТЛ, №34 мектеп гимназиясы, №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кешені, «Сәулет»Тасқала мектеп-гимназиясы) үшін олимпиада өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1-кезең – есеп шығару, 2-кезең – тәжірибелік. Комиссия мүшелері құрамында Мендалиева Д.К, Череватова Н.К., Амангосова М.Г., Серикулы Н. болды. Тәжірибелік кезеңге жауапты оқытушылар – Сейфуллина Б.С. (11 сынып), Мизанова И.В. (10 сынып), Утепкалиева Г.И. (9 сынып). Олимпиада нәтижелері бойыша жүлделі орынға ие болған оқушылар грамоталармен марапатталды.

 

Желтоқсан айында университет базасында көптілді топтарда сабақ өткізу тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-классқа қала мектептерінің ұстаздары ((№17, №16, №28, №38, №34 және т.б.) шақырылды. Бұл шараға кафедраның аға оқытушысы Сейфуллина Б.С. қатысты. Ол «Химиялық ыдыс және құралдар» тақырыбына практикалық сабақты ұсынды. Мастер-класс соңында эксперт және ұстаздар пікірлер айтп, үһұсыныстар жасалды, оң және теріс тұстары анықталды.

Кафедра филиалының жұмыс жоспары бойынша «Жексенбілік мектеп» жұмысы ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес абитуриенттерді дайындау мақсатында кесте құрылды, сонымен қатар типтік оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптық жоспар жасалды.

Филиал жұмысы бойынша

химия кафедрасының оқытушысы                                                  Мизанова И.В.

Кафедра меңгерушісі                                                                  Сдикова Г.Ж.

Келісімшарттар №17 ЖОББМ

Келісімшарттар №39 ЖОББМ