Жаратылыстану-география факультеті, биология және экология кафедрасының кәсіптік бағдар беру және кафедра филиалдарының 2015-2016 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 3 наурыз күні кафедраның ұйымдастыруымен Орал қаласы жалпы орта білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларының арасында «Биология» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті Орал қалалық білім беру бөліміне хат жолдап, мектептерге шақырту жіберген болатын. Олимпиадаға қалалық № 1, 2, 5, 7, 10, 13, 14, 16, 17, 23, 25, 27, 28, 31, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 46 жалпы орта білім беретін мектептерінен және Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы мен эстетикалық бағыттағы гимназиясынан барлығы 56 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамы факультет деканының өкімімен бекітілді. Қазылар алқасының төрайымы а/ш.ғ.к., доцент Альжанова Б.С., мүшелері аға оқытушылар Мамышева М.В., Джангазиева Б.Ж., Беккалиев Б.Ү., Қажымуратова Ж.С. болып белгіленді.

Олимпиада теориялық (тестілеу) және практикалық бөлімдерден тұрды. Тестілеу екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде сұрақтарда бір жауап дұрыс болса, екінші бөлімінің сұрақтарында екі және одан да көп дұрыс жауаптар болды. Тестілеу бөлімінде ботаника, зоология, эволюция, молекулалық биология, өсімдіктер физиология, адам және жануарлар физиологиясы, цитология, гистология, генетика, экология сияқты биология ғылымының салаларын қамтыған 30 сұрақ берілді. Олипиаданың алдын-ала бекітілген ережесіне сәйкес, теориялық бөлімді орындауға 45 минут уақыт берілді.

Практикалық бөлімі ботаника, зоология, физиология, генетика пәндерін қамтыған 5 тапсырмадан тұрды. Практикалық бөлімді орындауға 90 минут уақыт берілді.

Олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Орал қаласы №7 ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Биялова Диана иеленсе, ІІ орынды №23 ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Шемина Марина, ІІІ орынды №17 ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Тышкевич Анастасия, №23 ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Потапова Анастасия, ГЭН-нің 11 сынып оқушысы Плотникова Ирина және Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Велиев Сергей өзара бөлісті. Пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін № 16 мектеп оқушысы Коваленко Андрей, Эстетикалық бағыттағы гимназияның оқушысы Иванова Анастасия, № 28 мектеп оқушысы Губайдуллина Динара, № 38 мектеп оқушысы Хазиев Дархан және Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Куандыков Данилға алғыс хаттар табысталды. Жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Жоспараланған шараны ұйымдастыру барысында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары да жүзеге асырылды. Кафедра оқытушылары мен "Биология" мамандығының 01204 және 01205 топ студенттерінің қолдауымен демопрезентация ұйымдастырылды. Түлектерге арнай жасалған мамандық туралы буклеттер таратылды.

Теориялық және практикалық бөлімді орындау кезінде