География кафедрасының тарихы

Орал педагогикалық университетінің география кафедрасы 1938 жылы Иркутск университеті география факультетінің түлегі Г.Е.Москалевтің бастауымен ұйымдастырылды. Кафедра алғашқы жылдарда физикалық-географиялық зерттеулер бағытына, оның ішінде климаттық, гидрологиялық және гидрогеологиялық бағыттарға аса көңіл бөлді.

Соғыс жылдары КСРО-ның орталық және батыс аудандарынан қоныс аударғандардың ішінде географ ғалымдар, картографтар, геологтар, әдіскерлер болды. Сол уақытта кафедра құрамында қызмет атқарған профессор М.В.Фремд, Кондаков, М.Н.Королев маңызды үлес қосты.

1946 жылы КСРО Географиялық қоғамының жаратылыстану-география факультетінде ұйымдастырылуы география кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысында айтарлықтай өзгеріс әкелетін жағдай болды. Бөлім өзінің жұмысының бастауында Орал педагогикалық институтының бірнеше географтары, ботаниктері, зоологтары мен тіл мамандарының және Батыс Қазақстан облысындағы өзге де ғылыми мекемелердің табиғат зерттеушілерінің жұмыстарын біріктірді. 50-60 жж. әдебиет көздері мен метеорологиялық алаңда жүргізілген жүйелік бақылаулардың нәтижесінде Орал қаласының климатына сипаттама жасалды (А.В.Королев), 1946-1954 жж. аралығында Орал қаласының ауа райы типі анықталды және Батыс Қазақстан облысында климаттық аудандастыру жүргізілді (Н.Е.Ревнивых). Бұл зерттеулерді 70-80 жж. Т.Н.Волынцева мен жаратылыстану-география факультетінің студенттері жалғастырды.

Жаратылыстану-география факультетінде геология кабинетін құруда және минералогиялық қорды жүйелеуде профессеор М.В.Фремдтің қосқан үлесі зор.

1946-1948 жж. ММУ-нің профессоры С.Д.Муравейский «Процесс стока как географический фактор» атты бағдарламалық мақалаларын оқыды. Елімізде өзендер гидрологиясы мен олардың эрозиялық қызметтерін зерттеу проблемалары кеңінен қарастырылды. ОПИ география кафедрасының қызметкерлері (З.Н.Москалева, Н.Г.Ревнивых т.б.) Орал өзенінің орта ағысын зерттеуде жүйелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

60ж. ортасында география кафедрасында «Батыс Қазақстанда фенологиялық бақылаулар жинау үшін бағдарлама» өз жұмысын бастайды және осы бағытта екі онжылдықтан аса уақыт доцент К.Т.Мазницына зерттеулер жүргізген.

ХХ ғасырдың ортасында кеңестік физикалық географияның ландшафтық бағытының негізін қалаушылар Л.С.Берг пен А.А.Борзов қоршаған орта компонентері мен оның өндіріс пен адам өмірі тұрғысынан бағалалау дәрежесін байланыстыратын кешенді зерттеу жүйесінің негізін қалады. Біздің аймақта бұл бағытта 60жж. Н.М.Молдагулов жұмыс жасады. Ол диссертациялық жұмысын қорғау мақсатында Жайық өзені орта ағысының ландшафтық құрылымын анықтаумен айналысты (кейін 90жж. оның «Ландшафты Казахстана» монографиясы жарық көрді). Ландшафтық аудандастыруда зерттеу жұмыстарын С.К.Рамазанов жалғастырды.

70 жж. басында Солтүстік Каспий маңы мемлекет деңгейіндегі мұнай мен газдың қоры бойынша болашағы бар аудан ретінде зерттеу күшейе түсті. Өзінің зерттеулерінің нәтижесінде аса көп үлес қосқан кафедра доценті, геолого-минерологиялық ғылымдардың кандидаты К.А.Ли. Зерттеу жұмыстарын Батыс Қазақстан облысының минералды шикізат ресурстарын зерттеуге, әсіресе мұнай-газ мәселелеріне арнаған. 1984 ж. Қарашығанақ кен орнының ашылуы мен өндірістік қызметіне байланысты бұл зерттеулердің актуальдылығы арта түсті. 1992 ж. К.А.Ли мен геолого-минерологиялық ғылымдардың докторы С.М.Камалов «География размещения месторождений полезных ископаемых Уральской области и их народнохозяйственное значение» кітабын жарыққа шығарды. Доцент А.Б.Бактыгулов пен көмекшісі Г.А.Кабдулова Солтүстік каспий маңының солтүстік бөлігіндегі мұнай-газ провинциясының проблемалары бойынша геологиялық зерттеулер жүргізді.

50 жж. кафедрадағы эконом-географиялық зерттеулерді Г.Е.Москалев жүргізді. 1959 ж. ЛМУ-де Г.Е.Москалев «Экономико-географическая характеристика г.Уральска» тақырыбында диссертациясын қорғады. 1961 ж. экономикалық география кафедрасында Г.Е.Москалевтың ғылыми жетекшілігімен аспирантура ашылды. К.И.Исмурзина, А.Н.Байгузова, З.Г.Мухтарова, А.Я.Парфенова, және Д.М.Чернышов секілді аспиранттар сол жылдары қалалар, транспорт, ауыл шаруашылығы, аудандық жобалау проблемаларын зерттеумен айналысты. Аға оқытушылар К.Т.Турашев пен Г.Ж.Сарсенгалиевтер Батыс Қазақстан аймағының өнеркәсібі мен еңбек ресурстарының проблемаларын зерттеді. 70жж. аяғында кафедра қызметкерлері мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдарына сүйене отырып, Батыс Қазақстанның өндірістік күштерін зерттеу проблемалары бойынша екі том жинақ басып шығарылды.

1977 ж. ММУ-де кафедраның аға оқытушысы А.Я.парфенова «Территориальная организация сельского хозяйства Уральской области» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

70жж. ортасында кафедраның ғылыми кадрларын дайындау М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің КСРО экономикалық географиясы кафедрасында мақсатты аспирантура негізінде бастау алды, ол кезде Баранский-Колосовский ғылыми мектебінің басшылығында профессор Ю.Г.Саушкин болды. 1976-1979жж. кафедраның алғашқы аспиранты А.Г.Галимов «Транспорт в районном производственном комплексе» (на примере Западного Казахстана) тақырыбында диссертациясын ММУ география факультетінің ғылыми Кеңесінде сәтті қорғап шықты. ММУ мақсатты аспирантурасының базасында 1983-1984жж. Амельченко В.И. «Сельскохозяйственное использование земель северо-востока Европейской части нечерноземной зоны РСФСР» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын, Терещенко Т.А. «Экономико-географические аспекты формирования кадров промышленности Южного Казахстана» тақырыбндағы диссертациясын қорғады. 90жж. бұл жерде А.Т.Баймуканов, А.Г.Тарасов, М.А.Галимов білім алды. Сахарнова З.Я. Абай атындағы ҚазПИ-дің мақсатты аспирантурасын аяқтап, «Наземные моллюски Северного Прикаспия» тақырыбында диссертациясын қорғады.

Мұғалім-географтардың дайындығында елеулі үлес қосқан тәжірибелі әдіскерлер: аға оқытушылар Н.Н.Ульянова, Т.П.Владимирова, Ж.Х.Жумагалиева. Қазіргі таңда географияны оқыту әдістемесі бойынша В.И.Амельченко мен Б.Х. Ходжанова ғылыми зерттеулер жүргізуде.

География кафедрасында екі бағыт бойынша мамандар даярланады: білім беру бағыты бойынша – «Туризммен» қосымша маманданған география пәнінің мұғалімі, жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша – «Географияны ағылшын тілінде оқытумен» қосымша маманданған географ-зерттеуші. 2004 жылдан бастап кафедрада магистратура ашылды, магистрантарға профессор А.А.Чибилев, доценттер В.И.Амельченко, Т.А.Терещенко және М.А.Галимов сабақ жүргізеді.

География кафедрасы 50-60жж. Географиялық қоғамның Батыс Қазақстан бөлімінің жұмыстарына белсенді қатысты. «Краткий очерк деятельности Западно-Казахстанского отдела Географического общества» (1956 ж.), «Хозяйственный облик дореволюционного Яицка-Уральска (1956 ж.), авторы Г.Е.Москалев, «Исследования бассейна р.Урал» (1957 ж.) З.Н.Москалева. Батыс Қазақстан географиялық қоғамы географиялық жинақтар жариялай отырып, өзінің ғылыми қызметін 2014ж. дейін жүргізді. Қазіргі таңда кафедра маңында Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының аймақтық өкілдігі жұмыс жасайды және оны аға оқытушы, PhD доктор Э.Ж.Имашев басқарып отыр. 2015 жылы географиялық қоғамның мүшелері ҚҰГҚ-ның грантын ұтып алды және шекаралық аймақтағы шағын өзендерді зерттеу мақсатында экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция нәтижесінде «Малые реки Казахстанско – Оренбургского трансграничного региона (Шаған өзенінің бассейні мысалында)» монографиясы жарық көрді.

Кафедра тарихы әр түрлі жылдарда кафедраны басқарған ғалымдардың атымен және кафедраның ғылыми, оқу-әдістемелік қызметіне қосқан үлестерімен тікелей байланысты.

1938 жылдан 1974 жылға дейін кафедра меңгерушісі доцент Г.Е.Москалев болды (кейбір жылдары кафедра физикалық және экономикалық география кафедралараына бөлінді); 1941-1947жж. – доцент Н.З.Стрельников; 1950-1963жж. – профессор М.В.Фремд; 1970-1976жж. – доцент К.А.Ли (физикалық география кафедрасы); 1975-1980жж. – аға оқытушы Д.М.Чернышев; 1981-1987жж. – профессор А.Я.Парфенова; 1991-1996жж. – доцент А.Г.Бактыгулов; 1996 жылдан 2002 жылға дейін экономикалық география кафедрасының меңгерушісі профессор А.Г.Галимов болды.

Профессор, география ғылымдарының кандидаты А.Г.Галимовтың өмірден өтуіне байланысты кафедраны аға оқытушы С.К.Рамазанов (2002-2003 жж.), доцент Терещенко Т.А. (2003-2005 жж.) және доцент Галимов М.А. ( 2005 -2009жж.), доцент Амельченко В.И. (2010-2014 жж.), аға оқытушы Тургумбаев А.А.(2014-2015 жж.) басқарды. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі әкесінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық қызметін жалғастырушы М.А.Галимов.

2006 жылдан бастап кафедраны ұйымдастырған Г.Е.Москалев пен ұзақ уақыт кафедра меңгерушісі болған профессор А.Г.Галимовтың аттарымен аудиториялар ашылды (№ 22 және № 19).

Соңғы жылдары кафедра құрамында жас оқытушылар Б.Х.Ходжанова, Д.Ж.Искалиев, Е.Е.Айманова, А.А.Тургумбаев, Н.С.Жармагамбетова, А.К.Хайруллина оқу және ғылыми жұмыстармен айналысуда.

Кафедра түлектері Э.Ж.Имашев география ғылымдарының докторы, профессор Р.Г.Сафиуллиннің жетекшілігімен Башқұрт мемлекеттік университетінде аспирантурада оқып, 2011 жылы «Тенденции и приоритеты пространственного развития Западно-Казахстанской области» тақырыбында «Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде» ЖКБ ФМБМ Пермь қ. диссертациясын қорғады. Сонымен қатар, осы диссертациялық кеңесте Шкуринский Б.В «Медико-географическая ситуация в ЗКО» тақырыбында диссертациясын қорғады.

Оқу процесін ұйымдастыруда көпшілік жұмысты кафедра лаборанттары жүзеге асырады. Көп жыл кафедра лаборанттары болып жұмыс жасады: Л.М.Черепанова, Л.П.Мансурова, Т.Н.Еременко, Е.И.Ильичева, В.Каваа, В.Я.Каблова, А.Г.Карташова, Г.Г.Койшыбекова.

Қазіргі таңда кафедра инновациялық оқыту формасына көшіп, кредиттік оқыту технологиясын меңгеруде. Кафедра оқытушылары А.А.Тургумбаев, Э.Ж.Имашев, Б.Х,Ходжанова, А.К.Хайруллина, Н.С.Жармагамбетова ««Өрлеу» ұлттық кәсіби біліктілікті жоғарылату орталығы» АҚ-да кәсіби біліктіліктерін жоғарылату курстарынан өтті. Амельченко В.И. 2013ж. ELTHE бағдарламасы бойынша Ньюкасл университетінде (Ұлыбритания) халықаралық тағылымдамадан, 2015 ж. Терещенко Т.А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде тағылымдамадан өтті.

География кафедрасы тек қана университеттің емес, еліміздегі географиялық білім деңгейіндегі көне кафедраларының бірі болып саналады. 2018 ж. кафедра 80 жылдық мерейтойын тойлайды.

Миссиясы.

География кафедрасының білім мен тәрбие беру қызыметінің мақсаты болып табылады:

Жоғары білікті мамандарды – география пәні мұғалімдерін, географ-зерттеушілерді және "География" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындау.

Осы мақсатқа жету үшін география кафедрасында білімді, ғылымды және өндірісті интеграциялау негізінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметін жүзеге асыру ұйымдастырылды. Бұл географиялық білім берудің жоғары сапасын және кафедраның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламаларын табысты іске асыру, ең алдымен, кафедраның даму жоспарын және мақсаттарын жоспарлы, мақсатты және тиімді жүзеге асырылуымен анықталады.

Даму жоспары мен білім беру бағдарламаларының мақсаттары барлық мүдделі адамдарды тарта отырып жасалады, атап айтқанда: мектеп директорлары, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының директоры, мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, География кафедрасының және университеттің басқа кафедраларының оқытушылары.

5В011600 - "География", 5В060900 - "География" және " 6М011600 - "География" білім беру бағдарламаларын іске асыру университеттің миссиясына сәйкес жүргізіледі және Қазақстанның байырғы жоғары оқу орындарының қабырғасында 1938 жылы негізі қаланған Қазақстан Республикасындағы алғашқы география кафедрасының ғылыми, оқу-білім мен тәрбие дәстүрлерін мәдениетаралық диалог және ұлттық келісім еуразиялық идеясына сүйене отырып сақтау және көбейту арқылы, М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің география кафедрасын Батыс өңірдегі жетекші географиялық білім беру орталығы болуына мүмкіндік береді.

География кафедрасында білім беру бағдарламаларын іске асыру барысында жоғары білікті мамандарды дайындау жүзеге асырылады. Бұл жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына сәйкес келетін алдыңғы қатарлы оқыту технологияларын және қазіргі заманғы білім беру инфрақұрылымын пайдалану негізінде орындалады. Сондықтан кафедра түлектері географиялық білім мен географиялық мәдениетің дамуына оң ықпал етуге, географиялық, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімді жинақтауға және таратуға белсенді қатысуға қабілетті.