Биология және экология кафедрасының меңгерушісі

Кайсагалиева Гульжахан Смаиловна

биология ғылымдарының кандидаты, БҚМУ доценті

Биология және экология кафедрасы (бұрынғы «Ботаника» 1932 жыл құрылған және «Зоология» 1939 ж. кафедрасы) БҚМУ-нің ең бастапқы кафедраларының бірі. 2009 жылы «В.В.Иванов атындағы ботаника» және «Биология, экология және теорияны оқыту» кафедралары біріктіріліп, «Биология және экология» кафедрасы деп аталды.

1934 жылы институт базасында алғашқы құрылған кафедралардың ішінде Биология кафедрасы болды. Кафедра меңгеушісі болып Ф.А.Юсупов тағайындалып, алғашқы оқу кабинеттері ұйымдастырылды.

1939 жылы зоология, анатомия және физиология кафедрасы құрылып, меңгерушісі болып б.ғ.к. А.Р.Штамм тағайындалды. Ол кафедрадағы зоологиялық мұражайды алғашқы ұйымдастырушысы болды.

1942 жылы Зоология кафедрасының меңгерушісі Н.П.Ярошенко болды.

1951-1968 ж.ж. кафедра меңгерушісі қызметін б.ғ.к., доцент А.А.Цыганков атқарды. Ол кафедраның материалдық-техникалық базасын қалыптастыру, оқу-әдістемелік оқулықтар қорын толықтыру және биолог-маман дайындау бағытында жұмыстанды. 1969-1980 ж.ж. кафедра меңгерушісі Л.Г. Завадская қызмет атқарды. 1969 жылы кафедра «Зоология және биологияны оқыту әдістемесі» деп аталды.

1963-1996 ж.ж. кафедрада б.ғ.к., доцент, зоолог-гельментолог С.М. Хавкин жұмыс жасап, 1990-1991 ж.ж. кафедра меңгерушісі болды.

1969-1999 жылдары б.ғ.к., доцент Р. М. Иркалиева еңбек етіп, 1991-1997 ж.ж. кафедра меңгерушісі болды. Ол ҚР Білім беру ісінің үздігі, 30-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.

1999-2003 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының игері, еңбек ардагері Қ.Б. Болатова болды.

50 жыл бойы (1932 жылдан бастап) кафедрада КСРО-ның Бүкілодақтық географиялық қоғамының құрметті мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор В.В. Иванов қызмет атқарды.

Биолог мамандар қай уақытта да сұранысқа ие болады, себебі бұл биологияның барлық саласындағы міндеттерді шешу үшін теория мен практиканы ұштастыратын мамандықтың бірі. ХХІ ғасырда қазақстандық экономиканың дамуы, биологиялық және экологиялық технологиялар саласындағы инновациялық жоғары білікті мамандардың санының артқанын көрсетеді.

Осы білім беру бағдарламасын іске асыратын биология және экология кафедрасы 80 жылдық тарихы бар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің көне кафедрасы болып саналады. Орал қаласында институт құрылғаннан бері кафедра мұғалімдік бағытта, күндізгі және сырттай бөлімдер бойынша мамандар даярлап келеді. Кафедрамыздың негізгі құндылығы ретінде қазақстандық ғылым қайраткерлерінің қалдырған ғылыми-педагогикалық мұрасын атауға болады. Профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби шеберлігі тек Батыс Қазақстанда ғана емес, көршілес аймақтар мен Ресей Федерациясында да сұранысқа ие мамандар даярлауға мүмкіндік жасады. Батыс Қазақстан облысындағы биология пәнінің мұғалімдерінің басым көпшілігі – бұл біздің түлектеріміз. Кафедра түлектермен тығыз байланыс орната отырып, олардың қаншалықты сұранымға ие болып отырғаны, олардың іскери сапасының құзыреттілігі, өндіріске бейімделуі туралы ақпараттар алып отырады.

Кафедрада белгілі ғалымдар В.В.Иванов, Е.А.Агелеуов, А.З.Петренко, А.А.Цыганков, И.И.Траут, Л.Г.Завадская, П.В.Дебело, О.В.Фокина, О.Т. Кольченко, Г.Г. Миронова т.б. жұмыс жасады. Бұл жоғары білікті биолог мамандарды даярлауға өлшеусіз үлес қосқан ғалымдар мен оқытушылар тізімі мұнымен шектелмейді. Кафедраның жоғары әрі тұрақты ғылыми потенциалы –негізінен ардагер ұстаздардың еңбегі.

Кафедраның көрнекті түлектерінің қатарында еңбек сіңірген мұғалімдер мен Қазақстан мен жақын шетелдердің саяси және ғылыми элитасының өкілдері: ҚР сыртқы істер министрі, саясаттану ғылымдарының докторы, БҚМУ-дың құрметті профессоры И.Н.Тасмагамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко, Абай ат. АлМУ-дың ботаника кафедрасының меңгерушісі (1985-1996 ж.ж.), б.ғ.д., проф. Е.А.Агелеуов, Қостанай университетінің профессоры П.Г.Пугачев, Атырау университетінің профессоры О.М.Грищенко, Новосібір пединститутының профессоры Л.А.Неверова, тірі организмдерді зерттеу бойынша Англиядағы Кембридж университетінің Халықаралық биографиялық орталығы марапатының иегері Н.Гумилев ат. Еуразия университетінің доценті Ж.М. Қарагойшин, т.б.атауға болады.

Қазіргі таңда биология және экология саласы үшін қажетті мамандарды ағылшын тілінде мамандандырып бакалавриаттар мен магистранттарды келесі бағыттар бойынша дайындайды:

5В011300 бакалавриат – Биология, 5В060800 – Экология және 6М011300 - Биология педагогикалық, 6М060800 - Экология, 6М060700 - Ғылыми биология. Мамандар дайындау ісі орта, жалпы, кәсіби-техникалық, орта және жоғары білімнен кейін күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша жүргізіледі. Оқу мерзімі: ЖОБ негізінде күндізгі бөлім – 4 жыл, техникалық, кәсіби және орта білімнен кейін сырттай бөлім-3 жыл, ЖКБ кейін сырттай бөлім-2 жыл.

5В011300–Биология мамандығының түлектеріне ЖОО бітіргеннен кейін 5В011300 – Биология мамандығының бакалавр академиялық білім дәрежесі беріледі.

2003 ж. кафедрада «Биология», «Экология» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Алғашқы магистранттар С.Н.Бохорова, А.С.Габдушева, Ж.Г.Лукманова және А.С.Бисенгазиева. Кейінгі жылдары Сатанғалиева Қ., Лукманова А., Тапишев М., Абекешев А.,Жароева А.Ғ.,Джангазиева Б.Ж.,Мамышева М.В., Беккалиев Б.,Утебалиева Б.Е., Уалиахметова Ж.Н., Удреева К.С. т.б. магистратура бітірді.

Биология және экология кафедрасы университеттің заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиясының мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады – білім беру процесін қамтамасыз етуші бағдарламалық өнімдер, мамандандырылған сайттар мен факультет сайты, электронды оқулықтар шығару, бейнедәрістер курсы, деректі фильмдер мен ақпараттық бағдарламалар.

Өзін-өзі бағалау мақсаты - университеттің 5В011300 Биология білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациялауға дайындығын анықтау.

Өзін-өзі бағалау «АРҰА» ҰУ директорының 26.04.2012 жылы №08-б. Бас.2. бұйрығымен бекітіліп енгізілген Жоғары білім беретін ұйымдарды мамандандырылған аккредитациялау критерийлері мен стандартына сәйкес жүргізілді.

Негізгі және кәсіби пәндер бойынша сабақ беретін оқытушылар саны - 2013-2014 оқу жылында – 24 адам, 13-і ғылыми дәрежелі (54%), 2014-2015 оқу жылында –30 адам, 15-і ғылыми дәрежелі (50%), 2015-2016 оқу жылында –32 адам, 16-і ғылыми дәрежелі (50%).

Осылайша, 2013-2014 оқу жылында ПОҚ дәрежелік деңгейі қабылданған нормативке сәйкес 5В011300– Биология, 5В060800 – Экология мамандықтары бойынша 54%-ды құрайды. Штаттағы ғылыми дәрежелі оқытушылардың орта жасы – 47 жас.

Кафедра оқытушылары ҚР БжҒМ ұйымдастырған жобалар конкурсына б.ғ.д., профессор Т.Е.Дарбаева., б.ғ.к.,профессор М.М.Фартушина, б.ғ.к., доцент Г.С.Қайсағалиева, а/ш.ғ.к., доцент Б.С.Альжанова, а./ғ.к., доцент Г.Н.Кадисова ғылыми жобалар дайындау жұмысына ат салысып келеді.

Кафедра оқытушылары жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмыстарын, демалыс уақытында кеңес өткізу, зоологиялық мұражай мен гербарийлер қорына экскурссия жасау, «Ашық есік» күні т.б. шараларды дәстүрлі ұйымдастырады. Кафедра оқытушылары мектеп оқушыларының ғылыми жоба конкурсының қазылар алқасына мүше болды: К.Б.Булатова, Б.С.Альжанова, Г.С.Кайсагалиева, А.У.Утаубаева, Л.Н.Завадская, Б.Ж.Джангазиева, М.В.Мамышева, Ж.С.Кажымуратова, С.Н.Бохорова, С.А.Кажиахметов. Сонымен қатар студенттердің биология пәні бойынша олимпиадасын, оқытушылардың ғылыми-практикалық (Иванов оқулары) және студенттердің ғылыми конференциясының ұйымдастырушысы болып табылады.

Оқытушыларымыз үздіксіз білім беру орталығымен тығыз байланыста. Біліктілікті арттыру ұлттық оқу орындарында (2012 жылға дейін БжҒМ есебінен), «Өрлеу» республикалық орталығында, «Болашақ» бойынша, «Үздік оқытушы» гранты шеңберінде, өзге ұйымдар есебінен, БҚМУ-да, университеттің және оқытушының өз қаражатымен шет елдерде өтеді.

Биология және экология кафедрасы ТМД мен алыс шет ел ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынаста: Қалмақ мемлекеттік университеті, Чернышевский ат. Саратов мемлекеттік университеті, Орынбор институты, Қазан мемлекеттік университеті, Башқұрт мемлекеттік университеті, Ұлы Казимир ат.университеті (Польша), Халықаралық мәдениет және туризм институты (Польша), Н.Коперник ат.университеті (Польша). Бұдан басқа кафедра оқытушылары университет базасында өткен «Экологиялық, биологиялық бағыттағы қосымша білім беру мекемелерінде негізгі біліктілікті тиімді қалыптастырудың қазіргі заманғы технологиялары» тақырыбындағы республикалық біліктілікті арттыру курсына дәріс оқушы ретінде қатысты.

Бүгінгі таңда кафедра құрамы жаңа ПОҚ – мен толықты: а/ш.ғ.д. Рустенов А. Р., б.ғ.к. Бимагамбетова Г.А., а/ш.ғ.к.Чекалин С. Г., оқытушылар Утебалиева Б. Е., Уалиахметова Ж.Н., Удреева К.С.

Сонымен қатар кафедра оқытушылары ғылыми зерттеу жұмыстарын мынадай бағыттарда жүргізеді:

I. БҚО топырақ-өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайы.

II. Солтүстік Прикаспийдің табиғи ресурстары.

III. Батыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі (биологиясы, экологиясы, қазіргі кездегі жағдайы).

IV. Батыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары.

V. Студенттер мен мектеп оқушыларының денсаулық диагностикасы.

VI. ЖОО-да және ЖОББМ-де биология-экологиялық пәндерді қазіргі кездегі оқыту технологиясы

VІI. Батыс Қазақстанда фитомелиоративтік дақылдарды өсіру технологиясын ғылыми негіздеу.